Макс Барских неліктен Қазақстандық шоу-бизнесті зерттеп жүр?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мадина Дәулетқызы, тілші:

– «Туманы», «Подруга ночь», «Неземная» сынды талай хит әндердің орындаушысы Макс Барских Қазақстанда! Украиндық әртіс “Бестселлер тур” аясында кезекті концертін өткізіп жатыр. Байқағандарыңыздай, әншінің фанаттары елімізде жетерлік!

 

Еске салсақ, Макс Барских көпшілікке ең алғаш «Фабрика звезд» конкурсы арқылы танылған еді. Содан бері музыканттың саханада жүргеніне 15 жыл! Өнер иесі мерейтойға орай әлемдік әнсапар «Bestseller World Tour»-ға кірісіп кеткен!

 

Макс Барских, әнші:

– 15 жыл әрине едәуір уақыт! Сол аралықта ақылдырақ бола түстім. Музыкада түрлі тәжірибие жасап жүрмін және ең бастысы Қазақстанға арнайы концертпен келіп отырмын.

 

Кеш барысында өнер иесінің хитке айналған ескі әндері мен жаңа тректері шырқалды. Концерт жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылған десек артық айтпаспыз. Күллі командасын ерте келген әртіс шоудың режиссерлық тізгінін Алан Бадоевқа сеніп тапсырған.

 

Макс Барских, әнші:

– Бұл шоу режиссер Алан Бадоев пен қоющы хореограф Руслан Маховтың басшылығымен жасалды. Алматыда басқа қалада болмаған дүниелержасалды. Себебі мұнда сахна үлкенірек әрі мүмкіндік көп. Түрлі технологиялық әдістерді қолдандық.

 

3 Д эффект, бас айналдырарлық замануи шоу жасалған кеш сезімге толы болды. Әсіресе әншінің туған елі - Украинаны қолдауға арналған әні тыңдарманды елжіретпей қоймады.

 

Макс Барских, әнші:

– Ең әуелі Қазақстандықтарға қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Кей тыңдарман концертке тумен келсе, енді бірі көк сары түсті гүл шоқтарын ала келген. Украиналықтар Қазақстандықтардың мықты қолдауын әрдайым сезеді.

 

Енді Макс Барских қазақстандық музыканттарды мықтап зерттеуге кіріспек. Ондағы мақсат – отандық өнерпаздармен бірігіп коллаб орнату.

 

Макс Барских, әнші:

– Шынымды айтсам Қазақстанның шоу-бизнесін зерттеуді бастадым. Мұнда дарынды адамдар өте көп. Медиа саласын алып қарайтын болсақ та мықты монтажер, режиссер мамандар көп. Шоу-бизнеске келер болсақ, менің күнделігімде қазақстандлық шоу-бизнесті зерттеу керек деген пункт бар.

 

Олай болса, Макс Барскихтың отандық өнерпазбен ортақ коллабсын күтеміз! Ал оған дейін музыкант Лиссабон, Париж, Мюнхен, Прага, Лондон сынды өзге қалаларда концерттерін өткізбек!