Рүстем Жаныаманов, Ерла Блэк, Назар Шархан сынды актерлар ерекше спорт бәсекесінде көзге түсті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, тілші:

Қазақстандықтар әлемде баламасы жоқ спорт түрін ойлап тапты. Ол – күрес пен баскетболдың миксі. Бүгін Октогон алаңында тартысты бәсеке болмақ. Себебі, кіл мықтылар жан берісіп, жан алысады.

Batyr Ball – өткен жылы отандастарымыз ойлап тапқан күрес элементтері бар баскетбол ойыны. Жаңа спорттың бұл түрі пайда бола сала қазақстандықтар ғана емес, жаһан назарын бірден өзіне аудартқан еді. Мәселен, ойынның видеосы әлемдегі ең үздік спорт басылым ESPN парақшасында жарияланып, 1 сағатта 1 миллион қаралым жинады.

 

Айта кетерлік жәйт, Batyr Ball ойынының жеңімпаздарға берілетін сыйақысы аз емес!

 

Айдана Шалқар, тілші:

– Негізінде біздің естуіміз бойынша бұл ойында арнайы сыйақы бар жеңімпаздарға. Алдыңғы ойында бас жүлдеге 2 млн теңге тігілген екен. Осы жолғы гонорардың саны қандай? Көп пе одан?

 

Ақтілек Жолшыбеков, блогер:

– Бұл жолы 1-ші орынға 7 млн, 2-ші орынға 2 млн, 3 – ші орынға 1 млн. Общий 10 млн ғой.

 

Әділет Айтжанов, блогер:

– Біздер финалға шықтық. 7.000.000-ның ауылы Иншалла алыс емес, соны күтіп отырмыз.

 

Жұлдыздарды жинаған тартысты ойыннан Рүстем Жаныамановты да кездестіріп қалдық! Актер Batyr Ball-ға ұлын да ертке келген екен.

 

Рүстем Жаныаманов, актер:

– Балаларыңыздың, отбасыңыздың қолдауы сіз үшін ерекше сияқты ғой?

–Иә өте маңызды мен жүрген жерімде балаларымды алып жүрем, баяғы шалдар құсап. Өйткені бала әкесінің не істеп жүргенін көру керек деп ойлаймын.

– Ал сіз болашақта балаларыңыздың осындай спорт түрімен айналысқанын қалайсыз ба?

– Иә қазірден балаларымды үйде жаңағы лапа дейді ғой, сол лапаны алып қойып кезек – кезек ұрғызам. Мысалы көрсетіп жіберейікші мынаны Дастан.

 

Айдана Шалқар, тілші:

– Өнер адамдарын көбісі ойлайды ғой қолынан түк келмейді. Күресе алмайды деген сияқты. Керісінше өнер адамдарының ішінде спортсмендер өте көп. Әйтпесе спортсмен болмаса өзіңіз ойлаңызшы күніне 25 сахна түсіре ма? Соған төтеп беретін Дәулет тұр мына жақта

Дәулет Усербай, актер:

– Бірақ біз қазір құр қол қайтқымыз кеп тұрған жоқ. Хотя бы 3-ші орынды болсын аламыз, еземіз.

 

Соңғы уақытта өнер өкілдерінің басы кинода емес, осындай жекпе-жек, футбол алаңдарында жиі көретін болдық. Жұлдыздардың кейбірі спортқа жаппай қызығып кетуінің басты себебі – гонорар екенін мойындайды.

 

Әділет Айтжанов, блогер:

– Шоу-матчта деп жатсыз ғой, шоу-матчта ойнауым керек еді, бірақ та мына жақ көп беріп жатыр. Сол себепті, мына жақта..Ойламаңыздар ақшаны ойлап қалған деп, біз осы арқылы семьямызды асырап жатырмыз, ата-анамызды қуанытп жатырмыз.

Ақтілек Жолшыбеков, блогер:

– Бұл біріншіден гонорардың көптігі. Екіншіден халыққа тарату деп ойлаймын негізі. Кішкене Не деп айтсам болады, медийкамды көтеруге и өзімнің атымды жасауға үлкен көмегін тигізеді. Ең бірінші бойларда негізі ақша үшін шынымен «о ақшасы жақсы екен» деп солай бойға шығатынбыз. Ал қазір ол қызық емес боп қалды. Қазір атымыз үшін шығамыз.

 

Бұл күні баскетбол мен күрестің симбиозы саналатын ойында өнер өкілдері жақсы нәтиже көрсетті! Айталық, Әділет Айтжанов бастаған «Краш тим» командасы 2-орынға ие болып, 2 млн теңгені қанжығаларына байласа, блогер Ақтілек Жолшыбек бастаған «Андердог» командасы 3-орынға жайғасып, 1 млн теңгеге қол жеткізді.