Сымбат Сағындық, тілші:
– Өзі көрерменге бейтаныс болғанымен, әндері талай адамға туыс болып кеткендей. Жырларын жатқа айтатындар жетерлік. Біз бүгін Арман Сейітжаппаровтың, Ароның концертіндеміз!
Ароның кешіне 300-ге тарта халық жиналды. Қолдап келген танымалдар арасында: AZ, Еркебұлан Мырзабек, Ғаділбек Жаңай сынды әртістер бар. Олар да жиылған жұртпен бірге қосылып Арманның әр әнін айтып отырды. Концертте 18 трек шырқалды.
– Концерттің бірінші блогы бітті. Шайқап тастады. Әлі қанша блок болады. Тағы біз білетін хиттар орындала ма?
Aro, әнші:
– Тағы екі блок болады. Өздеріңіз білетіндей, былтырғы жылдың аяғында «Басқа сандықтан» деген альбом шығарған едік. Ол альбомның локомотивы «Қимастық жыры» деген ән бар.
Екінші бөлім басталғаннан Ароның тыңдарманы «Қимастық жыры» туындысын тағатсыздана тосты. Тарихын білмек болып сұрақ қойғанымызда, әнші ашылып айтқысы келмеді. «Сәті түскенде, кейін көсіліп айтып берейінші. Негізі мұңайғысы келетіндер тыңдайтын трек қой»,-деп қысқа қайырды.
– «Қимастық жыры туралы» айтып қалдық. Ән тарады. Тренд болды, хит болды. Тарихын айтайықшы?
Aro, әнші:
– Сол әннің тарихын ба? Түй, тым созылып кететін сияқты... Ән адам өзінің мұңды бір оқиғасымен салыстырып... Кез келген ситуацияда мұңаю керек болса, осы әнді қосып мұңая беретін ән ғой.
– Мұңаюға арналған ән?
Aro, әнші:
– Иә, мұңаюға арналған ән десек болады.
– Сіз туралы ақпарат жинаған кезде көп комментарий оқыдым «Аро ол феномен» дейді. Өзіңіз келісесіз бе бұған?
Aro, әнші:
– Ой, феномен деген қазір қазақта жетерлік қой.
– Именно сізге қатысты?
Aro, әнші:
– А, менің феномендігіме... Білмедім енді. Жұрт қалай сынайды. Өздерінің қалауында ғой. Бірақ енді: Дюдонзегитар деген жігіт бар. Аршат деген жігіт бар. Еңілік қыздарыңыз бар әнін де, сөзін де өзі жаза беретін қазір. Жас толқынның осындай белді мүшелері.
Сұқбаттардан үнемі басын ала қашатын Ароның жеке өмірі жұртқа беймәлім. Тек инста парақшасындағы бір ғана сурет, оның басының бос еместігінен хабар береді.
– Бір суретті көзіміз шалып қалды. Той көйлегімен отырған қызбен фото салдыңыз. Бірақ комментарий жазу функциясын өшіріп тастапсыз. «Му wave» яғни «Менің Толқыным» деген жазу да бар. Толқын жарыңыз ғой демек?
Aro, әнші:
– Иә.
– Оны бәрі біледі?
Aro, әнші:
– Білетіндер біледі. Таныстықтарымыз туралы... Енді қалай таныстық... Сол студент кезде. Енді бір көріп ғашық болу деген нәрсе емес. Бірақ ол кісінің тарапынан маған деген сондай сүйіспеншілік болды және ол ару мені тауып алды. Мен де оған ілтипатпен жауап бердім. Осылай десек болады.
Аро кеш соңын марқұм Дархан жүздің тректерімен тәмәмдады. «Жолы ерек жан еді. Әнмен тағзым жасағым келеді»,-деді ол.
Сымбат Сағындық, тілші:
– Ароның акустикалық кеші өз мәресіне жетті. Жиылған жұрт оның әндерін қосыла шырқап, әдемі көңіл көтерді.