«Однажды в России» жобасы арнайы бағдарламамен Қазақстанға келді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мадина Дәулетқызы, тілші:

– Күллі ТМД-ны күлкіге қарық қылып жүрген «Однажды в России» жобасына 10 жыл! Әйгілі шоу мерейтойға орай, Қазақстанға арнайы жаңа бағдарламамыен келді. Астарлы әзілмен өткір мәселелерді көтере білген олар, тағы та таңқалтамыз деп отыр!

 

«Однажды в России» шоуының көрермені арасында отандастарымыз көп екені жасырын емес. Сондықтан, ТМД-ға танымал әзілкештер мерейтойға орай Қазақстанға келуді парыз санаған. Астана, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, енді міне кезек Алматыда.

 

Екатерина Моргунова, әзілкеш (Ресей):

– Біз Қазақстанға келгенді жақсы көреміз. Себебі сіздер өте қонақжайсыздар. Одан бөлек астарлы әзілді жақсы түсініп, қабылдай аласыздар және де ең бастысы сіздерде өте дәмді тамақтар көп!

 

Еске салсақ, шоу резиденттері елімізге арнайы бағдарламамен келген болатын. Әзілкештер су жаңа «Однажды в Казахстане» концерті көрермен көңілінен шығатынына сенімді.

 

Екатерина Моргунова, әзілкеш (Ресей):

– Спойлер жасағымыз келмейді. Бір айтарымыз кейіпкерлер, қойылымдар бәз баяғыдай сол халық жайында. Көрерменнің ықыласына бөленген образдар жаңа тақырыптармен оралып отыр. Қысқасы, қызық болары сөзсіз.

 

Бастық, дәрігер, құқық қорғаушылар мен ерлі-зайыптылар! 10 жыл бойы жалғасын тауып келе жатқан шоудың кейіпкерлері шынайы өмірден алынған. Қойылымды тамашалаған әр көрермен өзін өмірден көргендей болады. Алайда, жоба мақсаты – белгілі бір адамды ренжіту емес, көптің назарын қоғам шындығына аудару.

 

Ольга Кортункова, әзілкеш (Ресей):

– Бізде әзіл мен қойылымдарға сценарий жазатын бір топ команда жұмыс істейді. Олар әрдайым соңғы жаңалықтар, шулы тақарыптар, трендттерді үнемі бақылап отырады. Өзекті мәселелерді көтеруді де ұмытпаймыз. Егер сол өзекті мәселе біздің ықпалымыз арқылы шешімін табатын болса, әрине қуанарлық жағдай емес пе?

 

Дәл осылай өзекті мәселелерді көтеріп жүрген әзілкештер өмірде де қалжыңға өте жақын. Көңілді сұхбат берген олар, тіпті Қайрат Нұртасқа бәсекелес болатынына сенімді.

 

Максим Кисмелев, әзілкеш (Ресей):

– Өтірік қарапайымдылықты ысырып қойып айтар болсам, «Ласковый май» кезіндегідей керемет болды. Қайрат Нұртастың қалай сахнада жұмыс істеп, халық қандай сезімде болатынын білмейміз. Бірақ бізде одан да жақсырақ болды.

 

Ал қазақстандық көрермен күн сайын сағат 19:20-да НТК арнасынан «Однажды в России» скетч-шоуын тамашалай алатынын еске саламыз!