Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- 2019 жылы Қазақстан аумағынан басталған «Eurasian Fashion Week» бұған дейін Прага, Братислава, Бангкок және Дубай қалаларында өткен еді. Сән әлемі биыл да дәстүрлі түрде «Future is now» ұранымен жаңа топтамаларын таныстырмақ. Бүгін көрсетілім алды медиа бранч өтіп жатыр.
Ирина Байжанова, EFW директоры
- Ирина ханым, қайырлы күн, кезекті «Eurasian Fashion Week» шарасының ашылуымен құттықтаймыз. Биыл немен таңқалдырмақсыздар?
- Жаңа маусым бізде «Болашақ қазірден басталады» тақырыбында. Себебі біз жастарға сенім артып, таланттарды қолдауға тырысамыз. Әрине биылғы маусымда жаңа коллекциялар мен желідегі вижуал арқылы ерекшеленбекпіз.
- Болашақ жайында сөз қозғасақ, заманауи техналогиялар қолданыла ма?
-«Future is now» жайында айтатын болсақ, ол заманауи технологиялар, жасанды интелект. Біздің команда осы тақырыпта нейро желі арқылы керемет кей-вижуал жасады.
Глеб Марков, арт-директор /Мәскеу/:
- Дәл қазір менің жанымда «Eurasian Fashion Week» шарасының арт-директоры тұр. Сіздің миссияңыз қандай бұл жерде?
- Бұл түсірілімнің идеясы ойда жоқта келді. Себебі, қазіргі заманда нейронды желі мен жасанды интеллект сұраныста. Бірақ біз контентті түгел жасанды етпей, түсірілімді шынайы сәнбикелермен жасадық. Қалғаны графиканың көмегі.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- «Eurasian Fashion Week» - бұл күллі Еуропа бойынша сән мен стильді таныстыратын халықаралық мобильді алаң. Фэшн шарада әйгілі дизайнерлермен қатар жас таланттарға да мүмкіндік өте көп. Мәселен, Еуропалық дизайнерлер жас таланттарды шетелге оқуға жібереді. Биыл мұндай мүмкіндік туа ма?
Ирина Байжанова, EFW директоры
- Біздің бірнеше финалистіміз Миланда оқып келді, бір жеңімпазымыз Испанияда білім алды. Биыл қазан айында өтетін жас дизайнерлер конкурсына шетелмен келісімшартқа қол қойдық.
Ирина Байжанова, EFW директоры
- «Eurasian Fashion Week»-тің мақсаты ол Еуропа бойынша халықаралық мобильді алаң жаңағы сән мен стильді таныстыратын.
- Біз осы шараның арқасында күллі Еуропаның нарығына шыға аламыз. Мақсат және миссиясыз - Қазақстандық сән саласындағы имиждін орнату және оны шетелге көрсету.
- Халықаралық нарықта тағы қандай қалалар жоспарда бар?
-Келесі қалалар қатарында жоспарда Сеул, Сингапур, Малазия, Ташкент, яғни Азияны жауласақ па дейміз.
Медиа бранчта сән саласының мамандары ғана емес, шоу-бизнес өкілдері де бой көрсетті. Соның бірі – актриса Альмира Тұрсын.
Альмира Тұрсын, актриса:
-ЕФВ шарасында не істеп жүрсіз?
-Биыл мен бренд амбассадор боп келдім. Иә мен өте қуаныштымын соған. Енді Құдай бұйыртса сол показдар болғанда сол показдарға келем.
-Сіз сән әлемінен хабардарсыз ғой. Конкурстарға қатысып жүрсіз. Жинаған тәжірибеңіз қаншалықты көмектеседі конкурстарда?
- Мысалы сахнаға шығу, өзін көрсету, сөйлесу дегендей. Ол сондай бір қызық болғанда мысалы мен бірнеше конкурсқа қатыстым. Енді Құдайым бұйыртса жазда Америкаға барам. Қазақстанды көрсету миссис глоб деген конкурсқа қатысам. Кішкене енді қобалжып отырмын, бірақ енді ол да бір қызық жоба деп ойлаймын.
-Ал дайындығыңыз қалай болып жатыр?
-Иә дайындалып жатырмыз. Көп дайындық енді киім десе, образдар, бір әдемі біздің ұлттық киімді апару сондай. Енді әрине дайындығы көп.
- Қазақстан халқын таныстырасыз. Намысын қорғайсыз. Бір үміт бар ма өзіңізде бір орын алам деген сияқты.
-Әрине, үміт бар. Енді қолымда болғанша бәрін жасаймын дайындық. Құдайдың қаласы болады.
Бренд аммбасодор болу мүмкіндігі Альмира Тұрсынға ғана емес, Айсұлу Азимбаева ға да бұйырған. Алайда кино және театр актрисасы бұл жауапкершіліктен бас тарттым дейді.
Айсұлу Азимбаева, кино және театр актрисасы:
- Шынымды айтсам, бұған дейін бір-бірде бір фэшн шараға қатысқан жоқпын. Бірақ сән мен стиль заманауи мәдениеттің бөлшегі екенін түсінемін. «Eurasian Fashion Week» ұйымдастырушылары бренд-аммбасадор бол деп те өтінді, өкінішке орай мен ол күндері қалада болмаймын.
-Көп өнер адамдары тренд қуалап, сәннен қалмауға тырысады, ал сіз трендқұмарсыз ба?
- Кейде барлық адам киіп жүрген образды көпшілік тренд деп ойлайды. Маған өзгелереге ұқсаған мүлдем ұнамайды, барынша ерекшеленуге тырысамын, сондықтан болар трендтен қалып қоямын.
«Eurasian Fashion Week»-тің командасына шетелден арнайы мамандар шақыртылған. Мәселен, сән көрсетілімінің модельдерін әрлейтін визажист Ресейден.
Алексей Чеботарев, халықаралық визажист /Мәскеу/:
- 2023 жылғы тренд қандай болады биыл?
- Белгілі бір тенденция жоқ. Көпшілік қазір өзін қабылдап үйренді. Біздің миссия табиғи сұлулықты айшықтау.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- Күз\қыс 2023-2024 көрсетілімінде отандық дизайнерлер арасында биылға маусымды Сергей Шабунин ашса, шетелден «Seoul Fashion Week»-тан да арнайы мамандар да шараға қатыспақ. Ал, коллекцияны таныстыру 28-29 сәуір күні болады.