Этно стайл трендте! Алматыда Kazakhstan Fashion Week шымылдығын түрді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мадина Дәулетқызы, @makeshi_:

Аида КаумеНОВА, Аруназ, Алекс Джен, Найл Байкучуков! Еліміздегі сән әлемінің айтулы шарасы - Kazakhstan Fashion Week басталды. Бүгін осы сәнгерлердің коллекциясы таныстырылады. Биылғы маусым маст хэві мен трендтері қандай? Шара аясында анықтап көрмекпіз...

 

Kazakhstan Fashion Week бұл жолы өткенге оралып, этника тақырыбын негіз етті. Шара ұйымдастырушы Алекс Чжен, соңғы кездері халықтың қазақылыққа қызығушылығы арта түскенін айтады.

Алексей Чжен, ұйымдастырушы, дизайнер:

– Бұл жылы біз заманауи ауыл жасағымыз келді. Номад, көшпенділер. Көптеген дизайнерлер этно стильде коллекция жасағысы келіп жүрген. Оның үстіне бұл тақырып экология, табиғатқа жақын болу идеясына келеді емес пе?

-Ал сіздің ойыңызша биылғы маусым тренді не?

-Дәл бұрын айтқанымдай, ескі киімдерге екінші жан беру, ескіні түрлендіріп жаңашалап кию дер едім.

Дәл осылай деген Алекс Чжен апталықты өзі жаңа коллекциясымен ашып берді. Алайда оның үлгілерінен қайта өңделіп тігілген киімдерді көре алмадық. Топтама, дизайнердің қолтаңбасына сай, қара және ақ түсте әзірленген.

Ал Наил Байкучуков өзінің үлгілері трендте екеніне толықтай сенімді! «Кешкі көйлектер патшасының» коллекциясы бұрыңғыға қарағанда аздап ұстамды.

Наил Байкучуков, дизайнер:

- Біздің жаңа коллекциямызда осы маусымның негізгі трендттері, яғни сетка, ұзын белдемшелер дегендей үлгілерден құралған. Оның үстіне қазір адамдар саналы тұтынуға көшіп жатқан соң, көйлектер артық шығынсыз, қысқа етіп тігіліп жатыр.

Сән апталығының бұл күні сондай-ақ, ShakerBay, Aida KaumeNOVA, Ерлан Жолдасбек сынды сән үйлері топтамаларын таныстырды.

Бұл күні фэшн уиктің соңғы нүктесін қою мәртебесі «Аруназ» брендіне бұйырған болатын. Сән үйі жаңа коллекциясына философиялық мән бергісі келген.

Назым Карпыкова, дизайнер:

- Назым, құттықтаймын сізді жаңа коллекцияңызбен! Бұл жолы басқаша сияқты, қазақша элементтер байқап қалдым.

-Бар жоғы екі аптаның ішінде тігіп бітірдім. Себебі мен жұмыс сапарымен шетелде жүрдім. Екі аптаның ішінде 33 үлгі тігілді. Бұл жақта біз бір әйелдің ғұмырын, өмірін көрсеткіміз келді.

Осылайша, келген қонақтар топтама арқылы әйелдің өмірініндегі кезеңдерді тамашалай алды. Назымның айтуынша, биылғы тренд - ашық-жарқын түстер.

Кіл мықты дизайнерлердің басын қосқан шарада шоу-бизнес өкілдері көп болды. Соның бірі – әнші Диная.

Диная, әнші:

– Диная бүгін қай дизайнерді қолдап келіп отырсыз?

- Мен өзімнің құрбымды қолдап келіп отырмын. Ол әрине менің шығармашылығымды қолдап жүретін – Назым. Әрдайым оның образдарында өнер көрсетемін деп айта аламын. Тіпті, қуаныштарыма да соның қолынан шыққан туындыларды киюге тырысамыз. Айтпақшы, бүгін де мен «Аруназ» үлгісіндемін.

Баян Алагөзова болса, көрсетілімді күйеуіммен бірге, алдыңғы қатарда отырып тамашалды. Продюсер фэшн кешке GUCCI -ден тотал лук киіп келген. Алайда, отндық сәнгерлерді қолдауды парызы санайды.

Баян Аалагузова, продюсер:

- Баян ханым, енді бүгін қай дизайнерді қолдап келдіңіз?

– Өзімнің құрбымды, өзімнің подругамды, өзімнің жан досымды Аида Кәуменоваға арнап келдім және де бір сағат кейін менің жан досым Назым, «Аруназ» бренд.

– Аруназ брендімен коллобарация ұсынғандарыңызды білемін. Болашақта тағы сондай коллобарация күтуге болады ма?

  • Кім біледі, кім біледі, Уай нот?

Уай нот? Олай болса, келесі сән апталында Баян Мақсатқызымен каллобарация көреміз деп үміттенеміз.

Мадина Дәулетқызы, @makeshi_:

Апталықтың алғашқы күні осымен өз мәресіне жетті! Сән қуған сұлулар өзіне керегін ала алды деп үміттенемін. Еске салсам, фэшн уик ертең де өз жалғасын таппақ. Олай болса, көріскенше!