Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- Бұл қазақ киноқоржынына қосылған кезекті, қатардағы комедия емес! Айтар ойы бар, әжуа қалжыңы мен мысқылы орынды қолданылған басыбайлы картина! Біз бүгін «Ауылбайский участковый» фильмінің жабық көрсетіліміне келдік.
Полицей – Батырбек! Өз қызметін сүйеді, әкесінің абыройының арқасында мансап баспалдағымен күн санап жоғары өрлеп бара жатқан-ды. Тек аяқ асты оңбай жаңылып, ауылға тәртіп сақшысы болып барады. Шытырман оқиға да дәл сол сәттен басталады. Батырбек – Олжас Абайдың персонажы.
Олжас Абай, әнші, актер:
- Олжас қайырлы кеш, премьераңыз құтты болсын.
- Рақмет
-Соңғы кездері, барлық фильмдерде басты рөлдесіз...
- Иә
- Бұл агентпен арнайы менеджермен жақсы жұмыс істегеннің, киноға бизнес ретінде қарағанның арқасы ма?
- Мүмкін, өйткені осы 15 жылдай кинода, киноиндустрияда жүргеніме 15 жылдай уақыт болды, бірақ осы «Ауылбайский участковый» главный рөлді берген кезең болды. 2023 жыл енді менің жылым деп барлығына айтып жүрмін! -6 ай бойы бес кинода басты рөлді сомдап жатырмын.
-Бес кино деп жатырсыз, сізге деген сұраныстың артуының сыры неде?
- Сыры сол өзімнің үлкен ықыласым, жігірімде деп ойлаймын. Өйткені желаниям қатты ұрып тұр биыл.
- Сұраныс артқан сайын, гонорар өседі дейді. Бұрын кем дегенде күніне 150-200 мың алынатын...
- Қазір менің өзімнің агенттім бар, сол кісі шешеді, әрине гонорарды, біздің пайызы өскені жақсы. Өйткені продюсермен қосып актерда үлкен бір жетістікке, табысқа жеткені біз үшін қуаныш деп ойлаймын.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- Олжас Абай, Шерхан Пірназар, Қабдол Тілеков, Олжас Тоғымбет! Тізе берсең фильмге түскен ТОП актерлар тізімі таусылмас. Тіпті, эпизодтың өзін аузын айға білеген жұлдыздар сомдаған.
Қабдол Тілеков, «Меховая 8\1» тобының мүшесі:
- Кезекті премьера құтты болсын! Көңіл-күйің қалай?
- Өте керемет күшті анандай, өзімді бірінші рет афишадан көріп, андай виделардан көріп, күшті болып тұрмын әйтеуір.
- Әрдайым эпизодтардан көреміз, басты рөл бұйыратын күн бола ма?
- Жалпы негізі мен өзімді әлі актермын деп санамаймын.
- Неге?
- Білмеймін әлі өзімнің ойнағаным өзіме ұнамайды.
- Ал бұл фильмнен алған гонорарыңа не сатып алуға болады?
-Бұл киноның гонорарына... тын тын тын...наушник бар, airpods мах дейтін новый..
- 500 мың тұратын ба?
-500 мың тұрады ия аха сондай, 1000 доллардай ғой.
Нұржан Еркінұлы мен Медет Қалибековтің тандемінен туған кезекті комедия. Еске салсақ, бұл сценаристердің жарыққа шыққан оннан аса лентасының бірі.
Нұржан Еркінұлы, сценарист:
-Образыңыздан бастағым келіп тұр, имиджін өзгертуіңізге не себеп?
- Білмеймін соңғы кездері сондай бір өзгерістер, көктем әсер етіп жақтан шығар білмеймін.
- «Ауылбайский участковый» фильмін көрермен не үшін көруі қажет?
- «Ауылбайский» деген сөзді біз өзгертуге тырыстық, ауылбайский деген сөзді негативті көреді көбісі. Біз соны жақсы мағынада, ауылдан шыққанына адам ауылбайский десе де ренжімейтіндей, мақтанатындай.Эскапизм бар кинода.
Ален Ниязбеков, режиссер:
-Нешінші премьераңыз осы фильм?
-Восьмая премьера...
-Жаңа айтып жатырсыздар, фильмді 15 күнде түсірдік деп, бұл фильм таспалауға аз емес па?
- Әрине, 15 күн тым қысқа мерзім. Бірақ біз дедлайнға сәйкес күні-түні ыңғайласып жұмыс істеуге тырыстық. Оған қоса актерлық құрамда ыңғай тәжірбиелі мамандар. Мұның да жәрдемі болды.
- Сіздің режиссерлық шығармашылығыңызда ең қымбат және ең арзан киноның бағасын айта аласыз ба?
- Қателеспесем ең қымбаты «Каникулы в Таиланде», «Бизнес по казахски в Корее», ал ең арзан дейтіндей фильмім жоқ.
-Ал, жас режиссерлар мен жас продюсерлерге фильм таспалау үшін кем дегенде қанша қаражаты болуы керек қалтасында?
- Шамамен алғанда 200 мың доллар және одан көп.
Ақболат Өтебей, әзілкеш, актер:
- Фильмнен қандай әсер алдыңыз?
- Шыны керек, болмасын деген оңбасын деген қазақта сөз барғой. Болсын деп тұрамын барлығына, болмай қалған фильмдерге жаным ашиды. Өйткені ол үлкен еңбек. Сол себепті мен болсын деймін тек.
Баян Алагөзова, продюсер:
- Очоудың актерлық шеберлігіне тәнті болдым. Сосын, бұл – нағыз комедия дей аламын. Себебі, қазіргі сапасы сын көтермейтін туындылармен салыстырғанда мұнда нәтиже керемет!
Олжас Әлжан, актер:
- Мынау Очоу, Олжас Абай ойнаған өте керемет ойнап шыққан. Жалпы составты айтатын болсық, прям топ уровеньда ойнап шықты.
- Сол мықты составтың құрамында сіз неге жоқсыз?
- Енді барлық киноға түсе беруге болмайды ғой негізі десең да, қалжың айтамын. Шыны керек мен қазір жаңа басқа жобаға дайындалып жатырмын.Соған қазір сақал-мұрттарымды кішкене өсіріп.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- Тып-тыныш жәй жатқан ауылға барып, бүтін бір банданың ізіне түскен Батырбектің оқиғасы қалай өрбиді? 20-сәуірден бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларынан көре аласыздар!