Мадина Дәулетқызы, @makeshi_:
Бүгін Kazakhstan Fashion Week-тің соңғы күні! Санаулы сәттен кейін шетелдік шеберлермен бірге Динара Сәтжан да өз топтамасын таныстырмақ! Олай болса, сән апталығының қызықтарын тамашалап, нүктесін бірге қояйық.
Сән апталығының соңғы күні креативті көрсетілімдерге толы болды. Алайда, Динара Сәтжан өзге дизайнерлерден ерекшелене білгендей. Тележүргізушінің топтамасы келген қонақтарға Қобыланды Болаттың әнімен танысытырылды.
Ал көрсетілімді Damelya Sweet бастады .Сылқым модель ретінде фэшн шараға арнайы шақыртылған.
Damelya Sweet, блогер:
– Дамеля сені соңғы кездері әр саладан көріп жүрміз, кеше пианинода ойнадың, бүгін фэшн уик. Сонымен не болды?
– Сол... Қылықты қыз десең қалай кетеді? Жоқ енді күшті ғой, мүмкіндік болса.
– Енді қалың малың қанша есе өседі?
– Білмеймін енді қалай. Негізі қалың мал деген әзіл ғой. Бізде Шымкентте сондай әзіл бар, бірақ солай.
– Ал енді жеке брендіңмен осындай апталықтарға қатысу жоспарда бар ма? Болашақта ойда бар ма?
– Иә ойымызда бар, бүгін түсті ойымызға. Бұйыртса қатысамыз келесі жылы. Бұйыртса өйстіп, өйстіп Kazakhstan Fashion Week-те жүріп бізге жол берсін.
Олай болса Дамеляға Динарадан фэшн индустрияның қыр-сырын үйренген артық етпес! Себебі, топтамасын таныстырған Сәтжан ханым дизайнерлікті мықтап табыс көзіне айналдырғаны қашан. Этно стильде әзірленген оның жаңа коллекциясы да сол мақсатқа бағытталған.
Динара Сәтжан, тележүргізуші, бизнесвумен:
– Менің ойымша өскің келсе, онда сен сатылатын коллекцияна жасау керексің міндетті түрде. Өйткені сен ақшаны қайдан табасың содан кейін. Мысалы, біз бұл коллекцияны көрсетеміз, мен өзім подиумда көремін қай көйлек жақсы өтеді, қай көлек жақсы өтпейді содан кейін біз градация жасаймыз әрбір размерлерді содан кейін сатамыз.
– Яғни сіз үшін Kazakhstan Fashion Week тек коллекцияны таныстыру емес, өз тұтынушыларыңызды байқау, өзіңізге пайдалы алаң?
– Әрине, әрине. Пайда болмаса, онда бизнес болмайды. Әрине әрбір показ тек қана әдемі шапалақ алу емес, ол бизнес туралы менің ойымша.
Бизнес демекші, бұл Динараның жалғыз кәсібі емес. Соңғы кездері диджитал медиадан табыс тауып жүр. Тіпті: «Сәтжанға сұхбат бергің келсе қалтаңды бірнеше миллионға жұқартуың керек», - дегендер де бар.
Динара Сәтжан, тележүргізуші, бизнесвумен:
– Сізге сұқбатыңызға келу үшін 3 миллион теңге төлеу керек екен. Сол қаншалықты рас? Ол рас. Біз сайлау болғанда центр избирком осындай правила жасады. Егер сен сайлауда мүмкін кандидаттармен сұхбат жазамын десең, онда сен өз бағаларыңды беру керексің. Блогергер содан кейін ну любое медиа да. Содан кейін біз де бердік.
– Ал егер өнер адамы болса, оларға да сондай...
– Өнер жоқ, жоқ. Тек қана коммерция, бизнес. Ал мысалы өнер адамдары, политика, үлкен бизнесте жүрген адамдар әрине ақша сұрамайсың. Сұқбатқа кім төлейді? Ешкім білмейтін адам, но нейм.
Динараның ютубтағы арнасын бір айда бір жарым миллион адам тамашалайды. Видеохостингтің монетизациясы арқылы айына 1,5 мың АҚШ доллар шотына түсіп отырады. Жарнамалық интеграциялары тағы бар. Қысқасы, Сәтжан ханым бүгінде әр қадамын бизнеске айналдырған. Айтпақшы, жуырда ғана ол Ақ Орданың ауызашарына арнайы шақыртылған еді. Ол туралы да сұрап көрдік.
Динара Сәтжан, тележүргізуші, бизнесвумен:
– Жуырда ғана сіз ауызашарда болдыңыз Ақорданың. Қандай критериилер бойынша ол жақа шақыртылады?
– Менің ойымша мені шақырды өйткені мен өзім 20 шы жылдан бері Ораза ұстаймын. Содан кейін Шамиль Рашидович Аляутдиновпен, Ришат Оңғайровпен, Нұрлан Имаммен сұхбаттарды жасаймын. 20 шы жылда Шамиль Рашидович Аляутдиновпен сұқбатты жазғанымда маған көп адам жазды біз бұл сұхбаттан кейін біз де ораза ұстадық деп. Өйткені менің аудиториям шала қазақтар ғой. Мен өзім де Исламды қатты түсінбейтінмін, ал қазір менің ойымша сол себеп болды.
Осылайша ағынан жарыла сұхбат берген Динара сән апталығының нүктесін қойған болатын. Екі күнге созылған Kazakhstan Fashion Week биылғы маусым өз мәресіне жетті.