Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
– «I go to School» фразасын білмейтін көрермен жоқ шығар. Иә, «Бизнес по-казахски» фильмнің бас кейіпкері Еркош енді өзінің киносын таспалауға кірісті. Бүгін Рамазан Амантай кинопродюсер ретінде жаңа бастамасын бастады.
Рамазан Амантай, актер:
– Фильмнің шығынына тоқталсақ. Сіз жассыз, жиған тергеніңіздің барын салдыңыз ба, әлде спонсорлар табылды ма?
– Мен қарызға ақша алдым. Енді бұйырса бір жылдан кейін, тура осы уақытта мен қайтарып беруім керек.
«Әкеге апарар жол» - бұл Рамазанның тырнақалды туындысының атауы. Кезекті комедияның алғашқы түсірілім күні. Лентада отбасылық құндылықтар, әкеге құрмет туралы сөз қозғалмақ.
Рамазан Амантай, актер:
– Кинопродюсерлыққа қалай қадам бастыңыз?
– Оңай болған жоқ. Енді 2010 жылдан бері 13 жылдай уақыт өткен осы кино әлемінде жүргеніме енді. Продюсерлікке әбден нақты таласып бар шығар. Сондықтан тәуекел деп қадам бастым.
– Біздің тәжірибемізде ең жас продюсерлердің бірісіз. Фильмге тоқталсақ «Әкеге апарар жол»?
– Бұл жанры драма с элементами комедии деп қойған. Бұл шынымен-ақ бір салмақты кино, бірақ енді актерлық құрамды көріп жатырсыздар. Әзіл көп болады, Құдай қаласа.
Рамазан өз фильмінде продюсер ғана емес, бас кейіпкерлердің бірі. Сондай-ақ лентада Дариға Бадықова, Қылышбек Қасымбеков, Дәулет Исраил бой көрсетеді. Рамазан отандық актерлардан бөлек, шетелдік мега жұлдыздарды киносына шақырған. Ол ресейлік танымал тұлға «Счастливы вместе» телесериалындағы Гена Букин образымен таныс Виктор Логинов.
Рамазан Амантай, актер:
– Басты рөлдердің бірін ойнайды. Бұл кісінің образы өте қызықты. Сәл айта салайын, бұл кісі жай-жай қазаққа айналады ғой. Ұлттық рухты, ооо, сол ұлттық рухты көтереміз деп жасап жатқан дүние.
Тимур Дулатов, режиссер:
– Өте оңай, өте ашық кісі, қарапайым, ешқандай андай жұлдыз ауруымен ауырмайды Құдайға шүкір, негізі андай актерлермен өзі бір шешім, өзі бір интересный решениялар предлагать ететін актерлармен жұмыс істеу әлде қайда оңай және де жасына қарамай «сен» деп сөйлеп деп қояды.
Рамазан Амантай, актер:
– Ресейлік мега жұлдыздардың, біз білеміз, гонорары аз
емес.
– Енді көндіру жағы арзан емес, жалпы кино арзанға соқпай жатыр. Қазір мінекей уже бір бүйрегімді бердім деп..*03:36 Тек қана Ресейлік емес, жалпы әлемдік мега жұлдыздармен жұмыс істегім келеді.Менің ұстазым Нұрлан аға ғой, сол кісіден үйренгенім көп.
– Фильм бастамас бұрын, Нұрлан ағадан бата алдыңыз ба?
– Нұрлан аға всегда маған тілекші ғой. Әрқашан маған тілекші,
сондықтан аға біледі.
Фильмде Рамазанның жеңгесінің образын Дариға Бадықова сомдайды. Актриса имиджін өзгерткен.
Дариға Бадықова, актриса:
– Енді бір ешқандай Америка жоқ бұл жерде. Сол Дариғаны көреді. *Мен жеңге болғанда бір келіндік қызмет жасап ондай енді, ондай тұстары жоқ.
– Енді Рамазан өзіңіздің өнердегі әрітесіңіз,бауырыңыз. Кинопродюсер атанайын деп жатырмын деген кезде қандай реакция қалдырдыңыз?
– Менің реакциям, Рамазанмен осы бір 7 жыл болыпты бірге партнер болып жүргеніме. Сол себептен, продюсер болам дегенде «Аа, уже ма?», - дедім, өйткені былай естіп жүретінмін. Құттықтадым, оны арнайы өзіміз жуып та отырдық деп па.
– Жаңа айтып жатыр, актерлардың гонорары маған кем түскен жоқ, аз болған жоқ деп. Сіздер қалай келістіңіздер?
– Енді бір миллионға сұрадым десем. Бір миллионға аз сұрадым. Түсірдім. Бір миллион теңге емес. Миллионға аз сұрадым, себебі досым дедім, одан кейін Рамазанмен болашақта көп жұмыс істеймін ғой деген ниет бар да.
– Фильмдерді енді таңдап талғап түсесіз. Бұл жолы фильм сізді несімен қызықтырды?
– Рамазанмен қызықтырды десең иә. Рамазан өйткені айтты өстіп
киноға түсіп берсеңіз, осылай осылай деген сияқты айтты. Сонан кейін енді
өнерде жүргенде отказ бере алмайсың. Қой құрсын енді көмектесіп жіберейін деген ниетпен келдім.
Ал Дариғаның фильмдегі күйеуі театр және кино актері Қылышбек Қасымбеков.
Қылышбек Қасымбеков, кино және театр актері:
– Образыңызға тоқталсақ, кімді сомдайсыз, шашыңыз өзіңіздікі ма?
– Жоқ шашым өзімдікі емес, образ. Мен ауылдың жігіті, өте бұзық болған.
– Сценарийде драма аралас комедия деп жатыр, көрермендер көбіне жылай ма әлде күле ма?
– Көп көрерменнің көп заттар есіне түседі.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
– Рамазан небәрі 24 жасында кинопродюсер атанғанымен, кино салада 10 жасынан бастап жүр. Актердің талай жылдық тәжірбиесін жаңа фильмінен көре аламыз. Олай болса, «Әкеге апарар жол» картинасын үлкен экрандардан күтейік.