Гүлдана Мұқан, тілші:
- Жемқорлық - вирус болса, оған қарсы вакцина бар ма? «Вакцина от коррупции» комедиясының авторлары мұндай екпе бар дейді. Оны қабылдаған адам өзгеден соқыр тиын пара ала алмай қалады.
Құралай Анарбекова фильм идеясын 3 жыл іздеген. Тіпті, тұшымды логлайн мен сценарий ұсына алатын мамандар арасында арнайы байқау да жариялады. Нәтижесінде, «Вакцина от коррупции» лентасының идеясы ұтымды көрініп, таспалауға кірісті.
Құралай Анарбекова, продюсер, актриса:
- «Вакцина от корупции» фильмін көрермен не үшін көруі қажет?
- Тек қана күлкі үшін ғана емес көру керек, өте философиялық ұғымы бар.
Фильмнің басты кейіпкерлері - Рүстем Жаныаманов пен Қайрат Әділгерей. Соңғысы жемқорлық жүйенің нағыз жақтаушысы. Рүстем болса, арам ақша алып көрмеген адал жан. Арнайы жасалған вакцина олардың өмірін түбегейлі өзгертеді.
Қайрат Әділгерей, актер, әзілкеш:
- Халықтың санасына жемқорсыз да, парақорсыз да өмір сүруге болады деген ойды осы кинода салып жатыр.
- Құралай ханымды, актерлардың ақысын жемейтін, жомарт продюсер деп жатады. Сол қаншалықты рас?
- Біздің елде адамның еңбегін бағалау жағы өте ақсап жатады ғой. Бірақ дей тұрғанмен де, Құралаймен біз еңбек ақысы төленетін кезде қатты бір көп әңгімеміз болған жоқ.
«Вакцина от коррупции» фильмінің тағы бір продюсері – NNN. Блогер Құралай Анарбекованың өтінішімен лентаны жарнамалау жүгін мойнына жүктеген.
Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:
- Сен қалай фильмнің креативті продюсері атанып кеттің?
- Басында мен креативті продюсер не екенін білмеймін, шынымды айтсам ше. Сөйтсем, күнде азанда жұмысқа келу керек екенсің, креативный продюсер ретінде. Мен 1-2 рет кешігіп ұрыс естіп, қызық болды енді.
- Сенің креативті продюсер екеніңнен бейхабар оқырмандар Құралай ханым екеуіңді жұптастырып жатады, соған не деп жауап бересің?
- Енді әзірге жұмыс істеп жатырмыз, өте керемет серіктес...
- Әзірге?
- Жоқ, енді айтып жатқаным, жұмыс істеп жатырмыз, серіктеспіз әрине. Тиктоктан көрдім 1-2 рет, айта береді ғой.
Құралай Анарбекова, продюсер, актриса:
- Бізде қазір жұмыс. Өйткені фильм жасау үлкен еңбек, ал оны халыққа жеткізу одан да күрделі. Сондықтан да мен ол үшін Нұрдәулеттен көмек сұрағаным өйткені ол халықтың сүйіктісі.
NNN креативті продюсер ретінде осал емес екенін дәлелдей алды. Мәселен, досы Садраддинге «Не себеп?» атты саундтрек жаздырып, ол бейнебаян ютубта көш бастады. Бұған қоса, Нұрдәулетті құрметтейтін блогерлердің барлығы фильмнің премьерасынан табылды. Ал Әлішер Қонысбаев тіпті актер ретінде толықметрде бой көрсетеді.
Әлішер Қонысбаев, блогер:
- Қалай ойлайсыз сізді актерлық шеберлігіңіз үшін алды ма әлде ауқымды аудиторияңыз үшін алды ма?
- Білмеймін бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Оны Құралай ханымға қойыңыздар?
- Кастинг болды ма?
- Кастинг болды, иә. Кастингке барып, кастингтен өттік.
Қабдол Тілеков, әзілкеш, «Меховая 8-1» тобының мүшесі:
-Қандай әсер алдыңыз?
-Өте керемет. Объязательно көру керек, именно жоғарыдағы адамдар көрсе екен деген ойдамыз.
Санжар Мәди, актер:
- Талай классиктар айтты «Это было бы смешно, если бы не так грустно. Бүкіл дұрыс нәрсені көрсетті.
Жанболат Найзабеков, әзілкеш, актер:
- Ең бастысы халыққа берері бар.
- Өзіңіз өмірде пара беріп немесе пара алып көрген сәттеріңіз болды ма?
Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:
- Біздің елде пара бар ғой оны жасыратын ештеңесі жоқ.
Қайрат Әділгерей, актер, әзілкеш:
- Мемлеткеттегі жүйе, сондай болғаннан кейін, ол заттан қаша алмайсың. Бірінде қатысып жатасың, бірінде қатыспай жатасың.
Жанболат Найзабеков, әзілкеш, актер:
- Көріп те, естіп те жатырмыз. Бірақ ол нәрсе болмағаны дұрыс.