Гүлдана Мұқан, тілші:
- Энергетика, харизма, стиль! Дастан Оразбековтың – феномені осы! Ол шыққан биігінен әлі түскен жоқ. Керісінше, күн санап шоу-бизнестегі орнын шегелеп, қанат жайып келеді. Мәселен, биыл 41 жасқа толатын әншіні тек өз замандастары ғана емес, Z ұрпақ та мойындайды, кумир көреді.
Сондықтан болар, Алматыдан басталған «DasTour»-дың билеттері солд-аут. Республика сарайында ине шанжыр жер жоқ. Аншлаг! Дастан Оразбеков бұл концертке дайындықты жарты жыл бұрын бастаған еді. Нәтиже, көзге ұрып тұр. 3D форматтағы экран арқылы естеліктерімен бөлісіп, хорды да, бэк-вокалды да, акробаттар мен 70 адамнан тұратын би тобын да бағдарламасына енгізген.Өнер иесі бұл кешті жас режиссердің қолына сеніп тапсырған.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Мына қызыққа қараңыз! Дастан Оразбековтың сахнада жүргеніне ширек ғасыр! Дегенмен, бұл әншінің алғашқы жеке концерті! Неге осы күнге дейін кеш жасауға жүрексінді?
Дастан Оразбеков, әнші:
- Дастан мырза қайырлы кеш, сізді ең алдымен осындай үлкен кешіңізбен құттықтаймын! Тыңдармандарыңыз не үшін ұзақ күтті осындай кешті?
- Өзіммен өзім келісуім қиын болды ғой деймін. Өтірік айтудың қажеті жоқ. Басқа бір жағдайлар, немесе бір өзіме бір сылтау тауып мүмкін болмаған сәттер көп болды.
- Кешіңіздің афишасы шыққаннан бастап, промо роликтер түрлі видео роликтер түсіріп жатырсыз көріп жатырмыз, бұның бәрі сыры тенденциядан қалмау ма?
- Әрине және де енді мен концерт беремін дегеннен кейін мен әрбір қазақ білсе екен дедім. Өйткені мен шынымен де бір әдемі өнерді ұсынғым келді, шоу-концертті көрсе екен деп армандадым.
Дастан концерт форматын барынша ерекшелеуге тырысты. Музыкант есті естеліктерімен бөлісіп, ой түйген, сабақ алған сәттерін де жүректен шығарды.
Дастан Оразбеков, әнші:
- Алматыда ғана емес, күллі Қазақстандықтар үшін есеп берейін деп жатырсыз, «DasTour» қанша уақытқа созылады?
- «DasTour» енді жылдың аяғына дейін міндетті түрде созылады. Бірақ енді ертеңнен бастап 20 қалаға барамын. Ал, бірақ ең маңызды концерттер ол Астана қаласында, Шымкент қаласында және де батыстың Ақтөбе қаласында болады ғой деймін.
Бүгінде Оразбеков өнерін ғана емес, әлеуметтік желіде жүрекжарды сырларын да ақтарып жүр. Әнші посттары арқылы жеке өмірі жайлы жиі айтады.
Дастан Оразбеков, әнші:
- Соңғы кездері байқап жүрсек трансформация жайлы көп әңгіме айтасыз, инстаграмда сыр шертесіз, бұның сыры неде?
- Адамның ойы өзгермей өмірі өзгермейді, мен ойымды өзгерттім. Содан бастап трансформация басталды.
Дастан Оразбеков, әнші:
- Инстаграм тикток белсендісіз, контентіңіз өте сапалы, тіпті танымал блогерлардан кем түспейді. Бір арнайы смм-щигіңіз бар ма?
- Әрине, команда жұмыс істейді жатыр.
«Таусылмайтын қуат, бітпейтін дарын!» Дастан Оразбековты әріптестері дәл осы сөздерге теңеді.Кештің хедлайнері - «Орда» тобы. Ширек ғасырлық тарихы бар ұжым сахнаға шыққаннан, көрермен орнында байыз тауып отыра алмады. Бірден билеуге кірісті.
«ORDA» тобы:
- Дастан ағаның «Орда» тобындағы орнын айтып берсеңіздер?
- Енді ол сахнаның алдында жүгіріп жүретін жігіттердің бірі ғой енді, басқа қандай орны керек оның.
- «Орда» тобының жеке ән кешін қашан күтеміз?
- Біз қартайып бара жатырмыз. \күледі\ Әр қайсысымыздың шаруамыз көп. Сондықтан да енді бұйырса, біз енді алда тұрған бір план жоқ, бір ән жазып жаңа, бір концерт жасаймыз деген. Ондай план жоқ.
«Орда» тобынан бөлек, Оразбековтың ән кешінде өнердегі әріптестері қолдап келген. Бір қызығы, Дастан өз репертуарынан емес, Луина мен Мәдина Сәдуақасовалардың хит тректерін бірге орындады.
MARSEL, әнші, композитор:
- Қонақ ретінде, сосын біз Дастан Оразбеков және де Айқын Төлепберген бауырымыз үшеуміздің попури әніміз бар, соны орындаймыз.
Кезінде Дастан Оразбековтың продюсер болғанынан көпшілік бейхабар. Өнер иесі Нұрболат Қанай мен Парасат Ибраев өнер көрсеткен «ТТ» тобын құрған еді. Концертте Дастанның шәкірттері де бой көрсетті.
QANAY, әнші:
- Өнерге қадам басқан сәтіңізде Дастан аға қолдау көрсетіпті, продюсер ретінде ол сізге қандай тәжірбие бере алды?
- Біріншіден ағалық ақылын берді, екіншіден сахнаға тұру, сахнада сөйлеу, сахнада ән айтуды, мен негізі көп нәрсені Дастан ағадан үйрендім.
Дастан Оразбеков «Орда»-дан бөлінгенлі 15 жыл. Өнер иесі талай жылдық тәжірбиемді енді гастрольдік сапарымда көрсетемін деп отыр.