Блогерлер арасындағы футбол матчы қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, тілші:

- Дәл қазір Алматыда, орталық стадионда жұлдыздардан құралған – SD family мен kaртоп tv арасында шоу-матч басталады. Қос құрама да мықты. Ал бүгінгі ойын туралы жігіттердің өздерінен сұрайық. Кеттік.

- Бағана айтқандай, екі құрама да осал емес. Енді екі жақтың жанкүйерлерін іздеп көрейік.

- Сәлеметсіз бе! Футболға келдіңіз бе? Қай құрамаға жанкүйерсіз?

- Картоп тв-ға

- Картопқа

- Картоп тв

- Кімге жанкүйерсіңдер?

- SD-ға.

- О, SD-ның алғашқы жанкүйерлерін жолықтырдым. Футболкасына дейін киіп алған ғой.

SD family құрамасының капитаны әрі команда негізін қалаушы – Дидар Сыдықбек. «Бұл нағыз шоу-матч болады», - дейді Дидар.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Неге SD Family?

Дидар Сыдықбек, SD Family командасының капитаны:

- Өйткені ол менің жанұям. Дидар Сыдықбектің жанұясы дегенді білдіреді.

- А, мен ойлап жүрмін ғой, менің атым – Сымбат Дүйсенбаевна ғой. Өзімнің матчыма келдім ғой деп...

- Негізінде бұл шоу-матч болғандықтан, біз өзімізге мақсат қойып жатқан жоқпыз, міндетті түрде жеңіске жету керек деген сияқты. Бірақ та, жиналған адамдарға жақсы көңіл күй, жас балаларды спортқа баулысақ деген оймен шоу-матч жасап жатырмыз.

- Реттік нөміріңіз 10. Неге?

- Негізі 10-шы нөмірде әлемде мықты ойыншылар шығады ғой. Өзімді мақтамай-ақ қояйын енді. Мен бала кезден бастап 10-шы нөмірде ойнап келе жатырмын.

Ойынға Нұр-Сұлтаннан келгендер блогерлердің бірі – TerriTima. «Гол салу деген менде мақсат бар», - дейді ол.

Сымбат Сағындық, тілші:

- TerriTima сені көргенімізге өте қуаныштымыз. Астанадан арнайы келіп отырсың. Осы матчқа қанша уақыт дайындалдыңдар?

TerriTima, блогер:

- Осы матчқа бізде астанада тренировка 12 күндей болды. 12 күндік дайындық. Күн сайын. Бір выходной болды енді. Соның өзі жетіп жатыр негізі.

- Гол салсаң оны кімге арнайсың?

- Әйеліме арнаймын, балама арнаймын, ата-әжелеріме бүкіл әулетке арнаймын

- Жақсы! Сәттілік Терри!

- Рақмет үлкен! Сау болыңыздар!

SD family-дың тағы бір ойыншысы – Аңсаған. Дайындығының тынық екенін айтқан стендапер, қарсылас командадағы кейбір ойыншылардан сескенетінін жеткізді.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Жалпы бүгінгі ойында, Картоп тв командасында кімді қарсылас көресің? Кім мықты ойыншы сен үшін?

Аңсаған Садырханов, стендапер:

- Барлығы мықты шығар. Асу мықты ғой. ММА боец. Сол мықты. Қалғандары өзіміздің күнде ойнап жүрген балалар ғой.

- Бүгін гол саласың ба?

- Жоқ, мен защитадамын.

Картоп тв командасында – Әлихан Байзақов бар. Әлихан бұған дейін де кәсіби футболда, кәсіби құрамада ойнағанын және қорқыныштың жоқтығын айтады.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Біздің жанымызда өзінен бұрын фамилиясы танымал – Әлихан Байзақов. Әлихан, ойынға настрой қалай?

Әлихан Байзақов, блогер:

- Настрой хороший. Только победа.

- Қазақша, қазақша?

- Ұтыс! Тек қана ұтыс!

Сымбат Сағындық, тілші:

- Сәлем Алдик! Ойынға дайындық қалай?

Алдияр Жапарханов, «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі:

- Мен защитникпын. Маған бастысы гол жібермеу керек.

- Сәттілік ойында!

- Әумин!

1-ші таймда алаңда 10 минут ойнап, ауысқан – ННН, футболдың қиын спорт екенін айтады. «Бар күш өкпеге түседі екен», - дейді ол.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Ойын туралы айтып берші?

Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:

- Ойын негізі біз ойладық қиын деп. Негізі оңай екен. Сәл біріксек болды. Тактикамен ойнасақ болды екен.

Атмосфераны сезініп жатырсың. Қай команданың жанкүйерлері мықты екен? Мына жақта SD, мына жақта Картоп тв-ның жанкүйерлері.

- Негізі жақсы енді. Алматы біз жақ қой. Біз жақта көбірек болады.

- Алматы қашаннан бері Шымкенттіктердікі болып кеткен?

Сымбат Сағындық, тілші:

- Бірінші тайм осымен аяқталды. Бірақ есеп әліге дейін ашылған жоқ. Нөл де, нөл. Десе де ойын өте тартысты өтіп жатыр. Екі тараптың жанкүйерлерінің қолдауын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Алда екінші тайм бар. Күтейік.

Екінші тайм бастала сала жарақат алған – Baha Puper, ойыннан шығып қалды. Достары жедел алғашқы көмек көрсетуді бастады.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Травма алдың ба? Не болды?

Baha Puper, блогер:

- Иә, кеше тренировкада алғам негізі.

- Қазір енді аяғың судорга беріп жатыр ма?

- Обезболивающий ішіп шыққанмын ғой. Уже күші кеткен сияқты. Бірінші тайм основада ойнадым 15 минут. Сосын қазір шығып, бір 10 минут ойнадым. Болды.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Негізгі 90 минуттан бөлек, қосымша 5 минут берілген еді. Десе де, есеп өзгеріссіз қалып, бір де нөл есебімен Картоп тв жігіттері жеңіске жетті. Шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндерде жүздескенше!