Айдана Мәулен, журналист:
- 16 әнші, 16 квн әртісіне қарсы. Олар сахна төрінде ме, әлде осы тақтай бетінде ме қайда мықты, анықтаймыз.
Алғашқы ойыннан-ақ суырылып алға шыққан Қайрат Әділгерей екінші кезеңде Еркебұлан Мырзабекпен қарсылас атанды. Актер бұл турнирге алдын-ала тыңғылықты дайындықпен келген екен.
Қайрат Әділгерей, актер:
- Кеше кешке қарай Ұлан екеуміз тәжірибе алмасып ойнап көріп едік ұтып кеттім. Бұл жолы да ойынның басында ұтып кеттім. Енді қазір жартылай ширек финал дейді ғой, Еркебұлан Мырзабекпен күтіп отырмын. Ол да енді мықты ойнайды деп естіп жатырмын. Бірақ дым да қылмайды. Ондайлардың талайын шашып тастағанмын деп, мәәә жыртылып...
Айдана Мәулен, журналист:
Микрофон ұстаған оңай ма, бильярд таяқшасын ұстаған оңай ма?
Қайрат Әділгерей, актер:
- Оңай ештеңе жоқ. Қай нәрсені қолға алсаң, соның шама-шарқына жеткізуге тырысу керек. Қиыншылық болады енді. Бірақ бұл жерде бильярд енді тек қана тәжірибеге байланысты ғой. Күнде-күнде жаттығып ойнай берсең, әккі болып шыға келесің.
- Ешқандай қорқыныш жоқ десеңізші, иә?
- Иә, қорқыныш жоқ деп отырған кезде жеңіліп қалмайық. Енді бұл жерде бір-бірімізге текетіресіп противник көрмейміз. Бірақ іштей бәріміз жеңіске ниеттіміз!
Қайрат Әділгерейдің ширек финалдағы қарсыласы Еркебұлан Мырзабек, 8 сынып оқып жүргенде-ақ бильярд ойнап бастаған екен. «Бірақ, араға біршама жылдар салып қолға киды енді алдым», - деген Еркебұлан, турнирге 2 күн қалғанда кәсіби мамандардан сабақ алыпты.
Айдана Мәулен, журналист:
- Басты қарсыласым деп кімді айта аласыз осы турнирде?
Еркебұлан Мырзабек, квн әртісі:
- Бұл жақта тек қана жеребе бойынша шыққан кезде сәл әлсіз соперникпен түсіп қалсаң сол құтқарады. Бірақ маған бірден ауыр соперник түсті.
- Бірінші турнир қалай болды, Өзіңіздің ұту тактикаңыз бар ма?
- Тактика жоқ, тек тез-тез шарды салып тастау керек болды, тактика сондай.
Еркебұлан Мырзабекпен ойнап, жеңілген Наурыз Рсымов «Өнер бильярдының» ұйымдастырушысы. Наурыз – жайдарманшы, Шымкенттік «Байдың балалары» командасының мүшесі.
Айдана Мәулен, журналист:
- Әртістерді шақыру қиын болмады ма? Ұйымдастыру жағы?
Наурыз Рсымов, жайдарманшы:
- Жоқ, қасымда достарым бар. Осы организатор достарым әншілердің барлығы өзіміз танимыз ғой бір-бірімізді. Мейрамбек ағаның көмегі көп тиді. Өйткені ол кісі барлығына звондап: «Ей, келіңдер, Наурыз деген ініміз келіп бильярд ұйымдастырып жатыр».
Бұл турнирде жігіттерден бөлек, жалғыз әйел азаматы - Ақбота Керімбекова да бақ сынады. «Бильярд ханшайымы» номинациясына ие болған Ақбота, ұйымдастырушылардың шақыртуына бірден келіспеген екен.
Айдана Мәулен, журналист:
- Сізді бүгінгі жеңісіңізбен құттықтаймын!
Ақбота Керімбекова, әнші:
- Рахмет!
- «Бильярд ханшайымы» номинациясына ие болдыңыз. Сезіміңіз қандай болып тұр?
- Осыдан 20 жыл бұрыңғы ойнаған кездерімді есіме алып бүгін бір жақсы ойын болды, Ернар Айдармен. Күнделікті ойнап жүрмеген соң сәл қиындау болды. Айтып жатырмын жігіттерге қалжыңдап осыдан 20 жыл бұрын ұйымдастырған кезде мүмкін сол кезде таза жеңіске жетуіме болатын еді деп.
- Әріптестеріңіздің арасында, қыз балалардың арасында кім бильярд ойнай алады, өзіңізден басқа?
- Оны білмедім, қыздардан шынымды айтсам кім ойнай алатынын білмедім.
- Жалғыз өзіммін десеңізші?..
Алғашқы ойыннан-ақ қарсыласына есе жіберіп, ұтылған жұлдыздар да болды. Соның бірі - Нұрлан Еспанов. Бірақ, әнші көңіл-күйін түсірмейтінін айтады. Себебі: «Бұл ойынның мақсаты жеңімпаз атану емес, бәріміздің бірге жиналып, бас қосуымыз», - дейді.
Нұрлан Еспанов, әнші:
- Мен бірінші партияны ұтылып қалдым. Жігіттер квартетінің белді де беделді әншісі Мырзаханға ұтылдым. Енді бірақ қазір айтып жатыр екінші ойын бар дейді. Қазір екінші ойынға дайындалып жатырмын. Мына қолдың бәрі кір-кір болып кетті, көрдіңіздер ғой.
Айдана Мәулен, журналист:
- Сіз бильярдты қанша жасыңыздан бастап ойнап бастадыңыз?
- Бала кезде көп ойнағанмын мен. Қазір бір 12 жылдың төңірегі болды мүлдем бильярд ойнамай кеткен болатынмын. Мына жерде тартыс, жарыс болып жатыр ғой. Бұған мен дайындалмай келдім де. Кеше ойланғанмын да келмей-ақ қойсам ба екен деп. Біраз болды ойнамағаныма. Қолым шығып қалды. Не істеймін деп.
Жартылай финалда Әбдіжаппар Әлқожа мен Марат Сәрсенбаев, Мейрамбек Беспаев пен Тараздан келген Баги қарсылас атанды. Бірақ, бағы мен бабы қатар жанған жайдарманшы Марат Сәрсенбай бас жүлдеге ие болды. Ал, екінші орынға Мейрамбек Беспаев жайғасса, қола квн әртісі Баги-ге яғни Бағлан Бахытбекұлына бұйырды.