Шоу-бизнесте ең сәнді танымал әртіс кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Мәулен, журналист:

Мен бүгін жұлдыз қонақтар жиналған фэшн кештемін. Ал, Мадина Сәдуақасованың киімі қанша теңгені құрайды? Damelya Sweet-тің сөмкесінде не бар? Танымалдар ішінде кім стилистің көмегіне жүгінеді, бірге білейік!

- Сіздер бейнебаян түсіресіздер, концерттерге барасыздар, үнемі стилисттермен ақылдасып отыратын шығарсыздар иә?

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

- Міндетті түрде, әрине. Менің өзімнің жұмыс жасайтын стилистім бар. Көп жылдар болды біз неше түрлі образдар жасап жүрміз. Негізі жастармен жұмыс жасау керек деп ойлаймын. Өйткені мен өзім өзгерістерді қатты жақсы көремін. Сондықтан жақында бір жаңа фотосессия болады құдай қаласа көресіздер.

- Тағы да шулатайын деп тұрсыз ғой бүкіл сайттарды?

- Ой айтпаңыз, қазір кішкене тыныш болып алсын, сосын «Бдыщ»!

- Мадина Сәдуақасова образын өзгертіп жіберіпті деген...

- Ойбай қазір жүрегіміз үйренді ғой ондайға.

- Мадина, айтыңызшы бүгінгі кешке киіп келген көйлегіңіз туралы?

- Көйлек емес бұл костюм оверсайз. Мен Дубайдан сатып алдым. Соңғы коллекция. Жаңа коллекция.

- Бағасы жасырын болмаса қанша?

- Мен дирхамда сатып алдым. Сондықтан 2200 үсті, асты да солай. 4200 дирхам тұрады, оны теңгеге аудару керек. Негізі әдемі киім болса бағасы маңызды емес қой.

- Негізі Мадина масс-маркетті ұната ма, әлде қымбат брендтерден сатып алғанды ұнатасыз ба?

- Миксовать етуге тырысамын. Өйткені солай жасау керек деп ойлаймын. Бірақ жалпы тяжелый люкс деген нәрсені онша ұната бермеймін. Өйткені шығасың да басқа біреуден көріп қаласың соны. Сосын ойлайсың «іииии» деп.

Мәдина Сәдуақасовадан бөлек, еліміздің шоу-бизнестегі кей ерлер қауымы да ешкімге ұқсамайтын образ таңдап, ерекшеленуге тырысады екен. Соның бірі Әли Оқапов.

Айдана Мәулен, журналист:

- Жеке стилистіңіз бар ма?

Әли Оқапов, әнші:

- Жоқ, нақты бір тұрақты стилистім жоқ. Бірақ кейбір жобаларда бейнебаяндар болса, немесе үлкен концерт болса, немесе тележобалар болса ондай кездерде әрине кәсіби мамандарды шақырамын.

- Бүгінгі кешке өте әдемі киініп келіпсіз, қай жерден алдыңыз?

- Интернет дүкеннен сатып алдым, өйткені өкінішке орай менің размерім ол ең Алматыдағы дамыған размер, барлығы шамамен менімен бойлы. Сондықтан қайталанбай немесе қызық киіну мүмкін емес. Барлығы сол бірдей киімді киіп жүреді. Сондықтан кей-кездерде мен сол интернет магазиндерге жүгінемін.

- Спортивный и плюс костюм сияқты екен иә?

- Иә ол бір жағынан классикалық тұрғыда екен. Өте ыңғайлы. Матасы да ыңғайлы. Созылады сондықтан иә, 2/1 деп айтуға болады.

- Құпия болмаса бағасын айта аласыз ба?

- Ондай қатты қымбат емес. Шамамен 60-70 мыңдай.

- Мода қуалап киінесіз бе?

- Жоқ, өйткені оны қуалау мүмкін емес. Мен үшін барлығы күн сайын ауысуда. Кейде стилистер ұрсады маған. Әли, болды мысалға тырысып қалған киімдер уже модада емес. Модада оверсайз, там тағы басқа бірдеңе дейтіндей.

Damelya Sweet, блогер:

- Иә, әрине, қулаймын, мен негізі фэшн блогермін ғой. Сол себептен қуалаймыз.

Дамеля свиттың контенті сән, стиль, мода тақырыптарына арналған. Фото, видео арқылы түрлі образда киіну нұсқаларын оқырмандарына көрсетеді. Киім әлемінде трендте жүрген соңғы жаңалықтарды фолловерлерімен бөлісіп отырады.

Айдана Мәулен, журналист:

- 2022 жылдың түсі қандай болады?

Damelya Sweet, блогер:

- Негізі контрастный түс менің ойымша актуальный болады, мына жылы. Именно яркий, такие пестрые цвета. Сенің тоже ниче так.

- Оның ішіндегі фиолетовый.

- Иә, соның ішіндегі фиолетовый, оның ішіндегі зеленый, такие электро менің ойымша солай болады.

- Бүгінгі үстіңдегі киімдерің туралы айта аласың ба? Қаншаға алдың?

- Мына пиджак ол папаның пиджагы, ол кішкене бізде винтаж. Менің көйлегім ол туған күніме киген киім. Мен негізі мына жерден сатып алдым оны. Менің ойымша скидкамен 150 мың сондай. Аяғымда офф уайт. Тоже винтаж. Старая коллекция 2015 года. И сумка гуччи маманыкі.

- Сумканың ішінде не бар құпия болмаса айта аласың ба?

- Сумканың ішінде бізде құрма бар, блеск, наушники, пудра, влажная салфетка.

- Қыз баланың сумкасының ішінде не жүруі керек деп есептейсің?

- Менің ойымша, ең бастысы ол может быть косметика, тез-тез бояну керек кезде.

Аяжан Сәрсенбаева, блогер:

- Менің ойымша ол қызға әдемі болуға және сенімді болуға заттар керек. Мен үшін ол жақсы парфюм және де ерінге жағатын далап.

Lifestyle блогер Аяжан Сарсенбаеваның контенті де сән әлеміне бағытталған. Стильді ару осыдан 2 жыл бұрын ютубта мода тақырыптарында влог түсіретін. Қазір, инстаграмына жиі-жиі ерекше образда фото, видео жүктеп отырады.

Айдана Мәулен, журналист:

- Әрбір қыз баласының гардеробында болуы керек заттарды аташы?

- Менің ойымша міндетті түрде жакет. Себебі оны әрбір жерге беруге болады. Әдемі көйлек. Ол мүмкін қара көйлек болуы мүмкін немес ақ көйлек. Сонымен қатар далаға емес кештерге киетін әдемі босоножка.

- Бүгінгі образың туралы айтып кетсең? Қаншаға алдың? Қайдан алдың?

- Бүгінгі образ менде бұл тігінші тіккен концерт.

Мерей Абилова, блогер:

- Мынау менде костюм. Тоже Российский бренд. Бұл кажется 100 не кем тұарды, либо 80 мың шығар. Сол көлемде. Мынау бізде казахстанский бренд. Бұл 150 мың ба тұрады. Даже 120 мың тұрады. Бірақ мен бұны бартерге алғанмын.

Мерей Абилованың образдары үнемі жұрт талқысында жүреді. Әсіресе, блогердің стиліндегі соңғы өзгерістері біраз жұртты таңырқатқандай.

Айдана Мәулен, журналист:

- Сен өзіңнің жеке стилистің бар ма?

Мерей Абилова, блогер:

- Стилист жоқ, бірақ та қазір осы өзімнің жеке стилистіммен жұмыс жасап, өзімнің стилімді басқа қырынан танытуға жұмыс жасап жатырмын.

Мерей Абилова, блогер:

- Бүгінгі кеш осымен өз мәресіне жетті. Жұлдыздар образын бірге қарап, талдадық деп ойлаймын. Сіздерге кімнің киімі ұнады? Пікір қалдырып кетіңіздер!