Qanay блогер Әнел Кенжебековаға ән сыйлағаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Мына мейрамхана бүгін блогерлерге лық толы. Себебі, санаулы сәттен кейін, блогер-миллионер Әнел Кенжебекова әнші ретінде өзінің алғашқы трегінің тұсауын кеспек. Сондай-ақ, блогердің бүгін туған күні!

Арнайы дресс-код, шоу-программа және жұлдызды қонақтар! Блогер Әнел Кенжебекованың төл мерекесі күлгін түсті патиге айналды. Еске салсақ, инстаграмда ауқымды аудиториясы бар Әнел, бұған дейін телехикаяларда бой көрсетіп, актриса ретінде де танылған еді. Енді блогер өзін музыка саласында байқап көрмек.

 

- Анель туған күніңмен құттықтаймын!

Әнел Кенжебекова, блогер:

- Рақмет!

- Бүгінгі әсерлі күнде, сондай-ақ өзіңнің алғашқы трегіңнің презентациясын жасайын деп жатырсың. Құтты болсын!

- Иә, кім білмейді, кім біледі... Жақын арада өзімнің жаңа трегім шығады. Оны Құдай қаласа көре жатарсыздар. Бірақ та енді, өкінішке қарай бүгін жасағым келген. Енді көреміз.

- Әншілікке бет бұруыңа не себеп болды?

- Негізі, мен өлең жазсам әншілік мақсатпен емес. Өзімді жан-жақтан көргім келген мақсатпен жаздым деп айта аламын. Көреміз енді, бір өлеңмен әнші болып кеттім деп айта алмаймын.

- Қазіргі таңда блогерлердің барлығы киноға түседі, клипке түседі, әнші атанып жатады, оның себебі неде деп ойлайсың? Әр саладан қаржы табу ма?

- Мүмкін, ақша жағынан да болуы мүмкін. Мүмкін развиваться, әр адамның өзінің неше түрлі мақсаттары болады.

- Алғашқы трегің жайлы айтып кетсең?

- Өлеңді бір ай бойы жазған болатынбыз, оған өзімнің құрбым Сиситай көмектесті, андай мотивын жазып. Қанай да маған мотив жазып көмектесті. Текстін Зарина деген Садраддиннің текстін жазатын әйел адам жазды.

- Бүгінгі кеште осындай ауқымды шара өткізуге идея қайдан келді? Мысалы, шоу-программа, локация, дресс код, оның бәріне көп қаражат кеткен шығар?

- Иә, кетті, нормально кетті. Если я делаю - редко, но метко жасаймын да.

Десе де, Анель туған күн кешінде дебюттық трегін уақытылы ұсына алмады. Оның өзіндік себебі де бар екен: техникалық ақауларға байланысты әннің музыкалық платформаларға шықпауы. Ал, Кенжебековаға су жаңа композицияның әнін жазуға Сиситай жәрдемдескен.

- Менің естуімше Анельге трек сыйлапсың?

C.C.TAY, әнші:

- Көмектестім, барынша. Анель алғашқы әні болғаннан кейін уайымдады қалай болады деп.

- Соңғы кездері Дамелиямен дуэт айттың... Енді Анельге ән жазуға көмектесіп жатырсың, бұған не себеп?

- Кругозор үлкейіп жатыр. Сондықтан да, неге жасамасқа?

- Блогерлердің жаппай әнші атануына көзқарасың қандай?

- Кейде андай болып қалады сен өлең жазып жатасың да, ол хит болмайды да, ал блогерларда хит болып жатқанда «хммм» деп қаласың.

- Дегенмен, сен де блогерсің, контентің ерекше. Қай саладан көп ақша түседі?

- Әрқалай, сөздің шыны керек музыкадан да түседі, блогерліктен де.

Бүгінде ННН, Дамелия Sweet, Әлішер Қонысбаевтың тректері трендтен түспейді. Жаппай әншілікке бет бұрған желі жұлдыздарының хитмен атануына инстаграмдағы аудиторисы көмектесетіні жасырын емес. Блогерлердің музыкаға қадам басуына әншілер не дейді?

 

Анеля блогер еді, енді әнші болып жатыр, өзінің жаңа трегін дайындап жатыр екен, конкурент болады деп ойлаймайсың ба?

Мәди Рымбаев, музыкант:

- Конкурент емес коллега болады.

- Ал, блогерлердің әншілікке бет бұруына қалай қарайсың?

- Бәрібір деп айта алмаймын, бірақ әр адамның өзінің қалауы ғой сол, әу демейтін қазақ жоқ.

- Өзің блогер атануға көзқарасың қандай?

- Мүлдем блогер емеспін, өйткені қолымнан келмейді, дұрыс жүргізе алмаймын да. Өмірім кішкене скучныйлау сияқты.

Томирис Жанғазинова, әнші, актриса:

- Блогерлердің әншілікке бет бұруына көзқарасың қандай?

- Адам өзінің ұнайтын нәрсесімен айналысуы керек.

- Сен де блогерлікпен айналысасың. Қай саладан қаражат көп түседі?

- Көбінесе, актерлік саладан яғни фильмдерден, сериалдардан, рекламадан.

- Блогерлер бір бейнебаян түсіріп, танымал болып кетіп жатады.

- Әрине, көп адамдар бар, бірнеше жыл жұмыс жасап әлі де, атақты болған жоқ. Өкінішті, әрине, енді қазіргі заманның талабы сондай.

Гүлдана Мұқан, тілші:

Әншілер блогер атанса, енді міне блогерлер де әнші атанды! Кім қай салада, қалай белсенділік танытатынын уақыт көрсетер!