«Алматы марафон 2022». Бас жүлде кімге бұйырды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Мәулен, журналист:

- Бұл жолда марафоншылар биыл бесінші мәрте жүгіретін болады. Себебі бүгін Алматы қаласында полумарафон ұйымдастырылуда.

Жексенбі күні Алматыда ұйымдастырылған спорт шарасына 5 мыңнан астам халық қатысты. Жартылай марафон таңғы сағат 8 де 10 км қашықтыққа жүгіретін адамдар тобымен басталды.

Ал, 8 ден 20 минут өткенде кәсіби жеңіл атлеттер, эстафета қатысушылары, спортшылар 21 км-ге жүгіруді бастады. Соның қатарында кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев та бар.

Айдана Мәулен, журналист:

- Негізі марафонға қаншасыншы рет қатысуыңыз?

Батыр Жүкембаев, боксёр:

- Бүгін мен екінші рет негізі қатысуым. Осының алдында 10 км шақырымға қатысқанмын. Бүгін 21 км-ға қатысу ойымда бар.

- Жеңіл жүгіріп өту үшін не істеу керек?

- Енді мен ойлаймын бұл 21 км шақырым көп жүгіретін адамдар кішкене дайындықпен келетін сияқты. Сондықтан да оңай болмайды. Бірақ дегенмен жеңіл жүгіріп өту үшін басында жәй бастау керек деп ойлаймын. Кейін жақындаған сайын жәймен-жәймен самочувствовасына байланысты скорость қосуға болады.

- Сіздің бүгінгі дайындығыңызға қанша уақыт кетті?

- Енді мен өзім боксер, спортсмен болғандықтан біздің тренировкамызда жүгіру бар. Сондықтан да мен үшін өте бір қатты қиын болады деп айта алмаймын. Біз енді үнемі дайынбыз ғой негізі. Жүгіруге де басқасына да.

- Марафоншыларға сізден кеңес болса?

- Марафоншыларға демей-ақ қояйын, жәй халыққа мүмкін менен кеңес ол үнемі жүгіруге тырысу керек. Кем дегенде аптасына 1-2 рет жүгіруге тырысу керек. Өйткені ол денсаулыққа пайдасы өте мол.

2020 жылы марафон карантин әсерінен онлайн өтті. 2021-де сақтық шаралары қатаң сақталып, 5 секунд сайын 10 қатысушы жүгіріп отырған. Биыл марафон дәстүрлі түрде ұйымдастырылды. Тіпті еліміздің өзге қалаларынан да қатысушылар көп келген.

Айдана Мәулен, журналист:

- Қалай болды? Шаршап қалмадыңыз ба?

Жансұлу Айтжанова, марафонға қатысушы, Нұр-Сұлтан қаласы:

- Барлығы керемет өтті. Жеңіл болды ауа-райы керемет Алматыда. Организация жоғары деңгейде. Алматылықтарға үлкен рахмет бізді қолдап, олардың қолдауынсыз бізге қиын болатын еді. Шулап, айқайлап, алға деп келдік.

- Сіз бұл марафонға қаншасыншы рет қатысуыңыз?

- Бұл менің бірінші қатысуым.

- Марафонға қатысу барысында жеңемін деген нақты ой болды ма сізде?

- Жоқ, ондай оймен келген жоқпын. Бірінші өзімді сынау үшін келдім. Өзімнің характерімді, өзімнің дене дайындығымды соны сынау үшін келдім.

- Қалай ойлайсыз, мүмкін естігенде боларсыз, жүгіріп келген адамға бірден су ішуге, отыруға болмайды деген дүниелер бар, сонымен келісесіз бе?

- Әрине ереше ережелер бар, бірақ мен үшін жеңіл болды.

- Келесі жылы қатысу ойда бар ма?

- Мына сезонда әрине, жазда ИншАлла Астана марафон болады, Түркістан марафон болады соның бәріне қатысамын.

- Ал, дәл осы марафонға қанша уақыт дайындалдыңыз?

- Бір ай ішінде дайындалдым. Мен фитнес тренермін ол қиын болған жоқ. Спорт менде әрдайым өмірімде, әр күнімде спорт бар.

 

Марафонда бас жүлде иегеріне 450 000, екінші орынға 400 000, үшінші келген жеңімпазға 350 000 теңге табысталды. Жартылай марафонның финишына бірінші Мәскеуден келген Ринас Ахмедеев жетті. Еске салсақ, Ринас жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Оның жексенбілік рекорды 1 сағат 5 минут 11 секунд болды.

Айдана Мәулен, журналист:

- Ринас жеңісіңізбен құттықтаймын! Көңіл-күйіңіз қалай?

Ринас Ахмадеев, жеңіл атлет:

- Бүгін рекорд жаңарттым, күшті болды! Бәрі ұнады, өте керемет. Қазақстанда екінші рет болуым. 2 апта бұрын 10 км дистанцияда жүгірдім. Ол жақта да дәл бүгінгідей жеңіске жеттім. Мен қуаныштымын.

- Бүгін сізге не қиындық тудырды?

- Старттың таңғы сағат сегізде басталғаны жақсы болды. Күнге күйіп кетпейсің, керісінше күн төбеге толық шықпай жатып финишқа жетуге болады. Осы жағынан бәрі жоғары деңгейде болды.

- Жас марафоншыларға сізден кеңес болса?

- Мақсат қойып, сол нәрсеге қалай да болсын жету керек. Ешетеңеден қорықпау қажет. Өзіңнің организміңе құлақ түріп, әрекет етсең бәрі жақсы болады. Бірінші кезекте денсаулығың екенін ұмытпаған жөн.

- Сіз бүгін жеңемін деген ойда болдыңыз ба? Сондай сенім болды ма сізде?

- Мен негізі мұнда жеңіс үшін, жеңу үшін келгенмін. Бәрі оңынан, мен қалағанымдай болды.

Айдана Мәулен, журналист:

- 10 және 21 км-ді артқа тастаған марафоншылар дәл осы жерде финишке жетті және бүгінгі күн осымен тәмам.