«Central Asia's Got Talent» гранд финалының жеңімпазы 10 000 000 теңгеге ие болады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Мәулен, журналист:

- Қазір менің артымда «Central Asia's Got Talent» жобасының қатысушылары тұр. Көрерменге көрсетер номерлері ойдағыдай шығуы үшін, олар барын салып дайындалуда. Сайыс басталмас бұрын қандай сезімді бастан өткеруде, өздерінен сұрап білейік.

- Қандай сезімде тұрсыңдар?

- Біз өте қорқамыз.

Неден қорқасыңдар?

- Мы волнуемся из-за того что мы выиграем, может быть нет. Но мы хотим выиграть.

- Не көрсетесіңдер бүгін?

- Біз сказки на ночь көрсетеміз.

Айдана Мәулен, журналист:

- Сәлеметсіздер ме! Қайырлы күн! Қай елден келдіңіздер?

«Дурдона» ансамблі, Өзбекстан:

- Өзбекстан, Ташкент шаһардан.

- Өзбекстанға сәлем!

- Мынамен бірдеңе көрсетіп бере аласыз ба?

- Көрсетіп береміз қазір.

Еске салсақ, халықаралық «Central Asia's Got Talent» сайысының 2 маусымы желтоқсан айында басталды. Жобада Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзірбайжан елдерінің таланттары бақ сынауда. Биылғы бас жүлде - 10 миллион теңге!

Осы жылы «Central Asia's Got Talent» сайысының әділ-қазылар қатарында Нұрлан Абдуллин, Ситора Фармонова және Серік Акишев бар. Байқаудың алдыңғы кезеңінде блогер Ерболат Жанабылов пен Қырғызстандық «Non Stop» тобы да төрелік еткен еді.

Айдана Мәулен, журналист:

- Неге жартылай финалда әділ-қазы мүшесінің қатарында Ерболат Жанабылов пен Қырғызстандық «Non Stop» дуэті жоқ?

Серік Акишев, продюсер:

- Жартылай финалда көптеген өзгерістер бар. Бұл кезеңде төрешілер ештеңе шешпейді. Біздің мақсатымыз келіп, пікірімізді білдіріп, көрерменді дұрыс дауыс беруге шақыру.

- Нұрлан Абдуллинді қайтадан әділ-қазы етулеріңіздің себебі не?

- Нұрлан Абдуллин біз үшін өте маңызды адам. Жартылай финалда вокалист-артистер саны көп болды. Ал, Нұрлан тамаша эстрада әншісі және продюсер. Сондықтан осы жолы қайтадан Нұрлан Абдуллинің көмегіне жүгінуге бел будық.

Өткен жылы «Central Asia's Got Talent» жобасының жеңімпазын таңдауда жартылай әділ-қазылар дауысы есептелген еді. Ал биыл 100 пайыз көрермен анықтайтын болады.

Айдана Мәулен, журналист:

- Менің жанымда Өзбекстандық актриса, әнші, «Азия MIX» КВН командасының мүшесі Ситора Фармонова! Сізді көргенімізге қуаныштымыз!

Ситора Фармонова, әнші, актриса:

- Рахмет!

- Қатты айтып қойдым-ау деп көңіліңіз түскен кездеріңіз болды ма?

- Иә, білесіздер ме, қатысушылар сахнаға шыққанда бізге үмітке толы көздерімен қарап тұрады. Олар өздерін бәрінен күшті, мықты санайды. Негізі біз өзіміздің қателіктерімізді біреу айтпағанға дейін көрмейміз ғой. Қатысушылардың дайындығы туралы кемшіліктерін айта бастасақ, «жоқ» деп оларды таңдамасақ бізге ренжиді. Кешіріңдерші мені!

- Алдыңғы кезеңде көрермен сізді қатты сынап жатты. Сынға қалай қарайсыз? Биыл да хейтке дайынсыз ба?

- Мен қатты пікір айтсам ол шындық. Көзбе-көз қателіктерін бетіне айтуды дұрыс деп есептеймін. Әрине, осы үшін мені ғаламторда талай адам сөгіп жатты. Дегенмен, хейт жазғандарға ренжімеймін. Бірақ, жылаған да кездерім болды.

«Central Asia's Got Talent» жобасына биыл 5000 мыңнан астам үміткер қатысуға онлайн өтінім берген. Конкурстың қатысушылары қарапайым халық. Олар әр түрлі мамандық иелері, тіпті көрсететін номерлерді де бір-біріне ұқсамайды. Бірі өлең айтса, екіншісі билейді, үшіншісі фокус көрсетеді.

Айдана Мәулен, журналист:

- Менің фаворитім Өзбекстаннан келген Абдурахмон Абдухамидов. Мистер Бинді өте әдемі көрсетті. Сіздікі кім?

Нұрлан Абдуллин, әнші:

- Мен негізі анау айтады ғой «не создай себя кумира» деген сияқты. Әрине біреулерге иә, жаңағы жүрегің жылиды. Бірақ осы менің фаворитім деген оны көрермен шешеді. Мен бұл жолы тек қана төреші болып, ақылымды айтуым керек.

- Қазір ғана түсірілім жұмыстары басталды. 5 мемлекеттен келген таланттар менің артымда тұрған сахнада өнер көрсететін болады. Бұл сәт олардың бағын жағатын уақыт. Сондықтан өнерпаздар «Жұлдыз» болуы үшін барын салатыны анық. Қараңызшы, қызық болып жатыр

Айдана Мәулен, журналист:

- Номерің ойыңдағыдай шықты ма?

«Топжарған» тобы, Қазақстан:

- Иә шықты номеріміз жарақатқа қарамастан. Біз оны қазылар алқаларына білдіртпей көрермендерге білдіртпей істеп шықтық.

- Қалай жарақаттап алдыңыз? Қалай шыдадыңыз?

- Кеше дайындық үстінде не дейді, фусктан жасап аяғым жұмсақ жерге кіріп кетті ау деймін. Тұра алмай қалған кеше жайымыз бар.

- Бұл не деген құдірет, бұл не деген сахнаға деген құлшыныс? Жеңіске деген құлшыныс иә?

- Сахнаны сыйлайтын әртістердің бәрі сондай болады ғой деп ойлаймын. Халыққа сен не болсаң да көрсетпеуің керексің, өнеріңді көрсетіп шығуың керексің.

- Енді барлығының дұрыс болғанына біз қуаныштымыз, сіздерге де рахмет, сәттілік! Көрерменнің есіне сала кетсем, байқаудың гранд финалы тікелей эфирде көрсетіледі. Сіздердің дауыстарыңыз жеңімпазды анықтай алады!