Ең жомарт блогер кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Мәулен, журналист:

- Жақында 1 ғана тректің клипін түсіріп, бүгінде «Әнші» статусына ие болып жатқан Айтуған осында туған күн кешін өткізбек. Бейнебаяны да дайын болып қалыпты, бірнеше сағаттан соң тұсаукесерін жасайды.

- Айтуған туған күніңмен құттықтаймын. Қаншаға толып жатырсың?

- Жасырмай-ақ қояйын, негізі қанша жас бересіз?

- 18

- Мен 25-темін.

- Осы жылы алған ең қымбат сыйлық қандай болды?

- Осы жылы алған сыйлығым «Apple watch» болды. 230 мың бағасы. Потом 80 мың очки. Потом 30 мың, примерно 40 мың сондай.

- Оның барлығын саған кім сыйлап жатыр?

- Оқырмандарым бар алдымен, потом жақын қасымда жүрген жақсы көретін құрбыларым бар. Подругларым, дос балаларым бар. Анам бар ішінде.

- Енді осындай жерде туған күн жасап, дүркіретіп өткізіп жатырсың ғой. Қанша қаражат жұмсадың?

- Бұл заведениені жабу үшін полностью примерно жарты миллиондай теңге кетті.

Айтуғанның туған күніне «Краш team»-дық достары түгел келді. Сондай-ақ, бұл кеште Kalifarniya, Zigzagsolo, Kakey сынды әнші достары да төбе көрсетті.

Айдана Мәулен, журналист:

Бүгін Айтуғанның туған күні, қандай сыйлық әкелдің?

Kakey, әнші:

- Енді арнайы сыйлық әкелмедім, бірақ ақшалай береміз.

- Құпия болмаса қанша?

- Аз емес, бірақ нормально.

- Көк қағаз ба?

- Енді көп, нормально.

- Жоқ, көк қағаз ба, жасыл ма?

- Қалай айтсам болады, жасылдау ғой енді.

- 2000 теңге десей...

- Ей, 2000 мың ба не? Мен доллар деп ойлап жатырмын ғой.

- Әзіл, әзіл.

- Біз заранее ақша жинап, общий сыйлық бердік қой енді ақшалай. Ал, былай сыйлық әкелмедім.

- Ол құпия болмаса қанша теңге?

- 10 мың теңгеден жинап жатырмыз енді бәріміз.

Айтуған өзінің туған күн кешінде миллиондап қаражат жұмсаған клипының презентациясын жасады. Еске салсақ, Ғалымов бір апта бұрын «Ай» атты алғашқы бейнебаянын түсірген еді.

 

Айдана Мәулен, журналист:

Айтуғанның клипын көрген шығарсың иә? Айтуған енді сендердің қатарларыңа қосылып жатыр, әнші болып. Қалай екен, ән ұнады ма?

Kakey, әнші:

- Ән, бейнебаян өте жақсы. Бастамасы жаман емес. Құттықтаймын!

- Әнші ретінде қандай баға бересің?

- Енді бастама дебют дейді ғой, жақсы.

- Биіне қандай баға бересің?

- Биі жақсы, өте жақсы.

- Сен жақсы дегеннен басқа сөз білмейді екенсің.

 

Айдана Мәулен, журналист:

Айтуған әншілікке қадам басып жатыр, клипын көрдің бе қалай, қандай баға бересің?

Азамат Асылхан, тиктокер:

- Ән де тоже нормально, но қатты емес. Бірақ клип больше ұнады да әннен қарағанда.

- Сендер тиктокерсіңдер ғой, тиктокта әнді трендке шығару ойда бар ма?

- Әрине, әрине. Дос бала болғанан кейін, командадағы бала болғаннан кейін өзіміздің көмегімізді көрсетіп қолдан келгенше ғой, рекке шығарамыз ғой, брат уайымдамасай!

- Айтуған клипын қолдау мақсатында инстаграмға сторис салып берші, коммент жазып берші деп айтқан кезі болды ма?

- Әрине, ондай болды, сразу жазады маған. Е, дұшпан, комментарий жаз, лайк бас деп ше, сенен сұрап алатын болдық қой деп. Мен кей кездері байқамай қаламын.

Айдана Мәулен, журналист:

Сен акробатсың, бишісің. Жақсы билейсің енді. Айтуғанның биін бағалап кетші, қалай болды?

Арнұр Қабдолдаев, тиктокер:

- Айтуғанның биі 10 нан 15 қой.

- Оның фолловерлері биін осминогтың биіне теңеп жатыр екен.

- Мен осминог демейтін едім, не дейтін едім шұбалшың ба еді андай... сондай.

- Сендер клипқа неге түспедіңдер, неге сендерді көрмедік, Айтуған шақырмай қойды ма сендерді?

- Біздің гонорарымыз қымбат қой. Көп ақша сұраймыз біз.

Айдана Мәулен, журналист:

- Қазір мен өз жұмысымды аяқтадым. Бірақ бұл «бөздей пати» бітті деген сөз емес. Ары қарай блогер, тиктокерлер өздері көңіл көтеруді жалғастырады.