Жаңа жыл кешінде отандық шоу-бизнес өкілдері де демалмай еңбек етпек. Мәселен, Айқын Төлепбергеннің мерекегеге дейін әрбір күні тығыз кестеге түзілген. 31-ші желтоқсанға дейін өнер көрсетемін деген әнші гонорарын көтергені рас па? Тілші материалында.
Жаңа жыл мерекесі өнер өкілдері үшін қалтаны қалыңдатуға таптырмас мүмкіндік! Әсіресе, әншілер жылына бір келетін бұл мерекеде барын сала жұмыс істеп қалуға тырысады. Соның бірі Айқын, тіпті отбасын апталап көрмей көңілді кештерден табылуға әзір.
Айқын Төлепберген, әнші:
- Менде 16-сынан бастап, 31-іне дейін почти күнде почти, күнде расписан. Арасында 1-2 күн демалып қаласың, 1 күн демалып қаласың. Биыл енді жұмыс өте қарқынды жүріп жатыр.
Бүгінде түрлі корпоративтен қолы босамайтын Төлепберген-тегі қаламақысын да көтерген. Әнші: «Бірнеше ұсыныс қатар түскендіктен бағаны да өзгерттім», - дейді.
Жаңа жыл кешінде Айқын ғана емес, Кентал да өз өнерін ортаға салуға дайын. Әнші қажет болса, аталмыш мерекені үйде емес, сахнада қарсы алмақ. «Бастысы гонорарымды төлесе болғаны», - дейді Талғат.
Kental, әнші:
- Гонорар ол ия, заң ғой енді. Заң болғанда жаңа жылда баға екі есе көтеріледі. Мен өз жағыма айтамын, бізге жақсы әншілерге, жүргізушілерге, музыканттарға, официанттарға, екінші жағы ол мысалы жұмыс көп адам қалады корпоратив жоқ болса.
Десе де, жаңа жылды отбасыммен қарсы алғым келеді дейтін жұлдыздар да табылды. Мәселен, Ayree ұсынылған гонорарға қарамастан, мереке қарсаңынла жақындарымен бірге болуды жөн санайды.
Ayree, әнші:
- Әр жылы ойдағыдай негізінде мен үйде жаңа жылды кәдімгідей қарсы аламын және де енді ең бастысы жақындарды қуанту мен үшін.
Ал Айридің бұл пікірін Жахан Отарғалиев та қолдай түсті! Отау құрғанша ең сұраныстағы шоумен атанған ол, құсын қолына қондырғалы анша мұнша корпоративтерге бара бермейді.
Жахан Отарғалиев, актер, әізлкеш:
– «Жігіттер қазір корпоратив пен тоймен қарсы алайық. Ертең мен үйленгеннен кейін мен ондай нәрсе болмайды. Мен отбасыммен бірге қарсы аламын, бүкіл вниманиямды отбасыма аударамын», - деп сол себептен былтыр да биыл да отбасыммен бірге қарсы алатын шығарын. Бірақ енді жұмыс болып жатса, мен жұмысты жасап қалатын шығармыз.
Десе де, Жахан егер жақсы ұсыныс түссе, бас тартпайтынын айтады. Еске салсақ, Отарғалиевтің бүгінгі гонорары 1 млн-нан астам.