«Жаңа жылда мінсіз көріну қажет!» Динара Сұлтан мерекеге дайындықты бастап кеткен. Әнші «Әсіресе дене бітімінің сымбатты болуын қалаймын», - дейді. 15 жылдан астам сахнада жүрген Динара Сұлтан талай қыздарға үлгі екені жасырын емес. Өнер иесі бүгінде шығармашылығы мен отбасылық өмірін қатар алып жүрсе де, өз-өзін күтуді ұмыт қалдырмайды.
Динара Сұлтан, әнші:
– Спорт әрине ол да болу керек өмірде. Шыны керек негізінде мен әрдайым айтатыным, жөнім ол жаңағы тайминг. Тайм менеджмент деп жатады. Сондықтан егерде өзіңнің уақытыңды дұрыс арнасаң, семьяңа да жанұяңада, жұмысыңа басқа да нәрселерге, өзіңе жолдасыңа дегендей.
Динара Сұлтан аптасына 3 рет спорт залға барса, күнделікті таңертең үй жағдайында 1 сағат жаттығу жасайды. Оған қоса, әнші бос уақытында жүгіруді әдеткен айналдырған.
Жаңа жыл қарсаңында фигураны қалыпқа келтірген дұрыс дейтін арасында Әсел Қалиева да бар. Алайда, әрдайым мінсіз көрінетін актриса, сұлулығымның сыры спортта емес деп отыр. «Жаным ты не поверишь», «Мыстан» туындыларымен танымал Қалиева тіпті диета да ұстамағанын айтады.
Әсел Қалиева, актриса:
– Шынымды айтсам, менің өмірімде спорт, дұрыс тамақтану деген дүние жоқ. Менің ойымша ол тұқымнан. Себебі ата-анам да арық. Бірақ әрбір жобаның алдында мен бір ай нанды тағамнан бас тартамын.
Жаңа жылды ата-анасымен қарсы алу үшін АҚШ-тан елге оралған Лидо да, талай қызға мотивация сыйлап жүргені анық. 40-тан асқан әнші сұлулығының сыры, талай еңбектің арқасы деп отыр. Тіпті, өнер иесі мерекеге дейін арықтап алсаң, көтеріңкі көңіл күйде боласың деген сенімде.
Лидо, әнші:
– Шынымды айтсам дайындалып жүрген жоқпын, қазіргі сәтпен өмір сүру қажет. Жаңа жылға дейін арықтасаң, мерекелік астан кейін артық салмақ қайтадан қосасың.
Бастысы, мерекеде артық салмақ қоссаң, жаңа жылдан кейін мүсінінің мінсіз болуын қадағалау керек дейді Лидо.