Зируза Ерлан Алимовтың басшылығымен басы қасы 2 альбом, 10 бейнебаян ұсынған еді. Әнші «Тrend entertainment»-тен кеткен соң, біраз үзіліс алды. Кейіннен Кайл Рухпен «Сия» әніне фит жасап, өзі «Ұятсыз бала» трегін жарыққа шығарды. Өнерпаз: «Музыкантқа продюсерден гөрі, жеке жұмыс істегеннің жағымды тұстары көп», - дейді.
Ziruza, әнші:
– Болады, бірақ өзінің қиындықтары да бар. Бірақ дегенмен осылай-осылай әрбір әртіс өзін жаңа қырынан таныта алады деп ойлаймын. Және де танылудан бұрын өзіңді жаңағы толыққанды әртіс ретінде көрсете аласың. Аяғыңа тұрасың. Барлығын жасау жағынан жаңағы біліп жүресің дегендей. Сол үшін бәрі уақытсымен.
Зирузаның әріптесі Кайл Рух та кезінде «Q-pop» бағытындағы «Moonlight» тобының мембері еді. Ол кезде бойзбенд жетекшісі Асанали Естияр болған. Кейіннен жігіттер жан-жаққа тарап, жеке-жеке жұмыс істеуді дұрыс деп шешкен. Дегенмен, биыл олар қайта бірікті. Бірақ, Кайл: «Продюсер көмегіне жүгінбейміз», - деп отыр.
Kyle Ruh, әнші:
– Менде өзім сольно жасап жүрдім, бірақ та байқағаным сол соңғы уақытта бүкіл группалар тарап жатыр. Неге, не үшін соны бір мәмілеге келіп бірдеме істеуге болатын еді ғой деген сияқты. Солай өзіме сұрақ қойдым. Балдарға айттым, барлығы келісті. И солайынан басталып жатыр. Бұйырса ән шығады.
Ал, Молданазардың алғашқы жобасы - Орынхан: «Шығармашылықты жеке дамытқаннан гөрі, продюсермен жұмыс істеген үлкен тәжірибе береді», - дейді. «Moldanazar music» лейблында жүргелі бері, оның бірнеше бейнебаяны мен альбомы жарық көрген. Тіпті, Орынхан биыл алғаш рет жеке концертін өткізді.
Orynkhan, әнші:
– Ол үлкен қолдау. Үлкен мектеп. Бұл кісі 10 жылдан астам бұл жолда жүрген адам. Сондықтан да біздің жолымызды да ол кісі алдын-ала көріп тұрады. Қалай қозғалу керек, қай жерде жұмыс жасау керек, қай бағыттта жұмыс жасау керек.
Жоғарыда аты аталғандардан өзге, продюсердің көмегінсіз шығармашылығын шыңдап жүргендер қатарында Мәди Рымбаев, Рэй, Тико, Нейтрон сынды жас әншілер де бар.