Қазір танымал адамдардың аккаунтын бұзып алатын алаяқтар көбейген. Оған дәлел жақында ғана болған Супермамаситаның оқиғасы. 5-миллион оқырманы бар блогердің инстаграмын белгісіз біреулер қолды қылған еді. Бірақ біраз уақыттан кейін парақша Алия Байтугаевның өзіне қайтарылды. Осындай жағымсыз жағдайдың орын алуынан әнші Дана Кентай қорқатынын айтты.
Дана Кентай, әнші:
– Әрине қорқыныш бар, бірақ оны қалай қорғау керек, тіпті мен оны ойланбаппын да шынымды айтсам. Тек қана сондай бір подозрительный сообщенияларды ашпау керек деп естідім және кірмеу де керек олардың жіберген ссылкасын ашпау керек деп естідім. Соны жалпы инстаграмға байланысты хат келсе, қазір мүлдем оқып ашып олай істемейтін болдым.
Инстаграмға тәуелді емес өнерпаздар да бар. Мәселен, Мұхаммедәли Жүгінісов үшін әлеуметтік желі аса маңызды емес секілді. Сондықтан, жас әншіге виртуалды ұрылар шабуылы үлкен мәселе емес. Тіптен оның аккаунтын ешкім бұзып көрмеген және мұндай оқиға басынан өтпеген.
Мұхаммедәли Жүгінісов, әнші:
– Ондай болмаған екен менде. Жаңа инстаграм аша салушы едім. Мен жалпы инстаграм ондай қатты, мен ондай қарамайды екенмін. Активный емеспін инстаграмда ондай.
Ал Сара Амангелді: «Инста парақшамның хакерлердің қолына түспуіне «гив ойнатпайтпауым себеп», - дейді. Сондай-ақ, әнші алаяқтар деп тек аккаунт бұзатындарды емес, олардың қатарына машина сыйлап, ақша тарататындарды да жатқызады.
Сара Амангелді, әнші:
– Жоқ ондай болған жоқ, өйткені мен гив ойнатпаймын, гив дегенге мен шынымда айтсам 1 рет солай ойнатып халықты алдадым десем де болды.Өйткені мен өзім түсінбедім. Бірақ гив деген заттардың бәрі, машина ойнату дегеннің бәрі шынымен де алаяқтық мен солай ойлаймын.
Көптеген танымал адамдар әлеуметтік желідегі парақшасын табыс көзінің біріне айналдырған. Сондықтан болар, жеңіл ақшаға қызығушылардың қарасы қалың.