Жұлдыздар желіге қанша уақытын жұмсайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде әлеуметтік желі арқылы танылып, жұлдызы жанған жастар өте көп.

Ғаламтор табыс көзіне айналғандықтан, тәуліктің біраз бөлігін контент жасауға арнайтындықтары да түсінікті. Соның бірі - ауылда жүріп-ақ, тикток арқылы әйгіленген Авди Сенпай.

Авди Сенпай, тиктокер:

- Жоқ онша көп ұзақ отырмаймын. Көбінесе 1 сағат отырамын. Бір видеоны 1-2 минут түсіремін көп десек. Көп видео болса 1 сағаттай кетеді, 40 видеоға.

Әлеуметтік желіде белсенділік танытуда аға буын өкілдері жастардан қалысар емес. Өнері мен отбасылық өмірін қатар алып келе жатқан «Rin’Go»-лық Аян Бірбаев бүгінде желі жұлдызы. Тіпті, оның «birbafamily» деп аталатын жанұялық тикток аккаунты бар.

Аян Бірбаев, әнші:

- Енді күніне бір 3 сағаттай кетеді деп ойлаймын. Одан артық болмаса, енді кем емес. Одан артық болуы мүмкін емес. Өйткені бала-шаға бар демекші оларға да көңіл бөлу керек.

Алтынай Жолдыбаева болса: «Әлеуметтік желіде ұзақ отырмаймын» - деп, ерекше мәлімдеме жасады. Әнші өмірінің әр сәтін сториске салуды әдетке айналдырса да, уақытының көп бөлігінін желіге жұмсамайтынынын айтады.

Алтынай Жолдыбаева, әнші:

- Бірақ шыны керек желіде ұзақ уақыт отырмауға тырысамын. Қазіргі кезде өмірім сондай бір жаңалықтарға толы. Сондықтан да желіге уақыт жоқ. Тіпті, арасында пост салуға да ұмытып кетемін. Оған да уақыт таппай жатамын. Жалпы менің берер кеңесім, желіде аз отырып былай шынайы өмірде өмір сүрген керемет.

Ал жұлдыздардың әлеуметтік желіде белсенді болуына карантин әсер етсе керек.