Мирас Жүгінісов кезекті клипінің түсірілімін аяқтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Талай әні хитке айналған Мирас Жүгінісов жақында екінші клипінің түсірілімін аяқтады. Музыканттың алғашқы бейнебаяны осыдан екі жыл бұрын «Әндетемін» трегіне түсірілген. Ол туынды youtubе-та 7 миллионнан астам қаралым жинады. Ал, «Сен туралы» атты су жаңа бейнебаян сол рекордты жаңарта алар ма екен?

Мирас Жүгінісов, әнші:

- Бұл менің екінші клипым болғандықтан маған өте қызық болып жатыр қазір. Қапшағайдың бойында мен ойламаған заттарды жасап, кәдімгідей локациялар өте әдемі болып көңілімнен қатты шығып жатыр.

Жаңа туындыға Мирастың өзі ғана емес, інісі Мұхаммедәли Жүгінісов те түспек. Әншінің бауырына бұл жолы, актер болу бақыты бұйырыпты. Ұсыныс Мирастың өзінен болған. Бір қызығы туған ағайындылар жұмысты тегін емес, ақысына келісіп жасапты. «Гонорарым құпия болып қалсын», - дейді кіші-Жүгінісов.

Мұхаммедәли Жүгінісов, әнші:

- Әрине барлығы келісіммен болды, менің продюсерім Ерлан Алимов, Мирастың продюсерына хабарласып сол шаруаны шешті. Енді мен главный рөлдемін жалпы махаббат туралы ән Тамирис деген қызбен, жалпы біз сол клипте екеуміздің енді өтірік айтқанда енді «махаббат» көрсетеміз ғой сонда.

Клиптегі «махаббат» хикаясында басты рөлді сомдайтын ару, жақында ғана қалыңдық атанған – Тамирис Жанғазинова. Бикешке бейнебаянға түсу жайлы ұсынысты режиссердің өзі тастапты. Ал Тамириске сценарий қатты ұнаған.

Тамирис Жанғазинова, әнші, актриса:

– Шынымды айтсам, идеясы өте тамаша. Идеясы өте қызық болды, баланың басында бір образ бар, соны суретке салып, сол қызды шын өмірде кездестірген деген сияқты. Сондықтан менің ойымша өте тамаша бір көрініс.

Бейнебаянның режиссері Бауыржан Саду көп көңілінен шыққан сценарийды командасымен бірігіп жазыпты. «Бәрін жанымыздан өткізіп, сезінуге тырыстық. Қолымыздан келген сияқты», - дейді клипмейкер.

Бауыржан Саду, режиссер:

- Жалпы идея қалай ол, іштен туындайды ғой бәрі, ойда жатқан, көрген нәрселерден қосылып бәрі туындайды. Тректі тыңдап, өлеңді тыңдап, текстіне мән беріп сол текстіне кіріп, еніп, мағынасына кіріп өмірден өткен тәжірибеде, тәжірибе арқылы осы идея келген.

Махаббат машақатын баяндайтын «Сен туралы» әнінің бейнебаяны екі аптадан кейін көрерменге жол тартпақ.