Сиви Махмуди енді тик-ток жұлдызы атанбақ! Эстрада әншісі трендтен қалмау үшін аталмыш желіде жеке парақша ашты. Бүгіде 2000-ға жуық фолловер жинап үлгерген Сивиетта бұл қосымшаға деген қызығушылықты қызы Салидаттың оятқанын айтады. Еске салсақ, өнер иесінің ханшайымы 1 жылдан бері тик-токта белсенді.
Сиви Махмуди, әнші:
- Жалпы осы қызымның арқасында кірісіп, қызығып жатырмын. Жалпы осы қыз бір жыл болып қалды қызығып жүр. Мен бұрында мүлдем түсінбейтінмін ойлайтынмын ол не серезьный нәрсе деп. Бірақ қарап тұрсам қазір заманауи күн сайын танылып келе жатыр тик-ток сол үшін менде енді кірісейін деп жүрмін.
Ғаламтор жұлдызы Терри Тима да бүгінде отбасы мүшелерімен тик-ток түсіріп жүр. Әсіресе әйелімен бірге түрлі видео таспалаған блогер: «Дәл осы әлеуметтік желі арқылы сұранысқа ие болу оңай», - дейді. Темірхан Асылбек тіпті тик-токтың арқасында өнердегі әріптестерін өзге қырынан көре алғанын айтады.
TerriTima, блогер:
– Тик-токта бір жақсы жері, жасқа қарамайды. Сондықтан барлық креативті жандарға ол ашық алаң. Өзіңді барлық қырынан көрсете аласың. Менің әйелім өте белсенді тик-токта.
Ал тик-токта 11 млн-нан аса лүпіл жинаған Нұрдаулет Бектұрсын: «Барлығы креативке байланысты», - дейді. Көпшілікке ННН ретінде танымал вайнер «рек»-тен түспеудің амалын да айтты:
Нұрдаулет Бектұрсын, блогер:
– Қазір тик-ток неге актуальный тик-ток қазір рекомендует бәрін. Бұрыңғы инстаграм сияқты. Қазір тик-токта шанс бар. Оның ешқандай құпиясы жоқ, просто түсіру керек, түсіру керек, түсіру керек болды как инстаграм сияқты.
Нұрдаулет тик-токтың танымал болғысы келетіндер үшін үлкен мүмкіндік екенін алға тартады. Желі жұлдызы: «Бұл платформа өнер адамдары мен қарапайым тіркелушінің арасындағы шектеуді жойып, бәсекелестік тудырады», - дейді.
Нұрдаулет Бектұрсын, блогер:
– Тик-токта кез-келген адам миллион просмотр жинай алады смело. Сол үшін енді сол жаққа барады да, миллион просмотр жинап мәз болып бірнәрсе түсіріп сүйтіп танымал болып жатады.