Вайнерлік бізден қалған! Дәл осылай деген Дәурен Айдарқұлов бүгінде танымалдылығы шарықтап, аудиториясы кеңейген вайнерлер мен блогерлердің ісінен еш жаңалық көрмейтінін айтты. Тіпті, экс-КВН ойыншысы, кезіндегісін еске түсіріп, блогерлерге бәсекелестік тудырмақ ниетте екен.
Дәурен Айдарқұлов, актер:
- Жас кезімізде балалармен, сол жатақхана қызықрадио кезінде пранк дейді, сол көп нәрселерді істеп түсіріп тастағанбыз, әзілдерімді айтып. Мүмкін тағы да осындай қысқа бір минуттың ішіндегі болатын кішкентай бір көріністерді қызық көрсету ойымда бар, мүмкін сол 2021 жылдан бастап сондай бір вайнер боп кетем ба көреміз.
Актер осылайша биылдан бастап, парақшасын қызықты вайндармен толтырып, соның арқасында қалтасын қалыңдатпақ.
Серік Ибрагимов те жуырда вайндар түсіруді қолға алып, тыңдарманын таңқалтқаны бар. Әнші тек табысына қызыққаны үшін «блогерлікке» келгенін жасырмайды. Карантин кезінде қаржыдан қысылған ол: «Қолымнан келетінін көріп, жарнамаға ұсыныс түсе бастағанда тіптен қызықтым», - дейді.
Серік Ибрагимов, әнші:
- Блогерство дегенде мен қатты вайндар бірдеңе түсірмеймін, просто күнделікті сторизбен не істеп жатыр, қалай боп жатыр деген сияқты нәрселер, арасында ақша тарату гив деген сияқты нәрселермен ғой.
Десе де әнші жұмыстың оңайы жоғын ұққан. Ел қызыққан 1 минуттық видео мен тәулік бойы сториз түсірудің де қиын екенін түсінген ол: «Топ вайнер атану нағыз еңбекті талап етеді», - дейді.
Серік Ибрагимов, әнші:
-Ол бір үлкен жұмыс екен. Себебі инстаграм арқылы табысқа жетіп жатқан қаншама інілерім бар, бауырларым, достарым бар. Көзім жетті да, үй алып жатыр, машина алып жатыр. Жағдайларын жасап жатыр, сондықтан да бұл үлкен нәрсе.
Кино саласынан бірден вайнерлікке кеткен Джуринская болса, блогер ретінде ақша табуды баяғыда-ақ бастап кеткен. Алайда, жары Даниярмен отбасылық вайндар түсіріп, аудиториясын кеңейткен Жәния тек ұнаған ұсыныстарға келісімін береді екен.
Жания Джуринская, актриса:
- Шоу-бизнесте 10 жылдан бері жүргендіктен ненің дұрыс-бұрыстығын түсінемін. Сондықтан өте қатты таңдаймын. Ұнағанын түсіреміз, ал ойымнан шықпай тұрса, бірден бас тартамын.