Тәуекел Мүсілім тұңғышын перзентханадан дүркірете шығарып алды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тәуекел Мүсілім тұңғышын перзентханадан дүркірете шығарып алды! Атаулы мерекеге актердің танымал достарының бәрі жиналған. Олардың қатарында: Артур Төлепов, Арман Қоңырбай, Бауыржан Сатов, Ерік Хамидуллаев, Айбек Серікханов бар.

Әулет атұстарына атты ұзақ таңдағандарын айтады. Соның ішінде «Әмір», «Бейбарыс» секілді есімдер де бар. Бірақ соңғы шешімді Тәуекелдің анасы қабылдаған.

Галина Мамажан, Тәуекел Мүсілімнің анасы:

– «Айтөре» деп өзім қойдым. Әкесі құсап үлкен жігіт болсын. Сол барлық жақсылық болсын. Қазақтың санын көбейту керек деп айтып жатырмын келініме. Жылда емес енді, 2-3 жылда ту деп жатырмын келініме.

Көпті қызықтырған: «Нәресте кімге ұқсайды?», - деген сұраққа Айтөренің әжесі ойланбастан жауап берді.

Галина Мамажан, Тәуекел Мүсілімнің анасы:

– Енді түр жағынан Тәуекелге келеді. Бойы 57 сантиметр, ал салмағы 3,2 деді. Тәуекел одан аз болған салмағы. Сары болған, мына бала да біздің кішкене сарылау. Әкесіне келеді, Тәуекелге.

Ал ата-ана мәртебесін иеленген Махаббат пен Тәуекелдің қуаныштары қойындарына сыймай тұрғандай. Тәуекелдің өзі сәби жайлы асқан ықыласпен айтып берді.

Тәуекел Мүсілім, актер:

– Шүкір! Аллаға сансыз шүкірлік болсын! Осы күнге жеттік, асыға күткен күніміз. Ұлды болдым. Атын – Сабыр Айтөре Тәуекелұлы деп қойдық. Бұйыртса болашақта ел басқаратын, болмаса еліміздің өркендеуіне өзінің үлесін қосатын жақсы азамат болсын деп ырымдадық енді.

Соңына дейін Махаббаттың жүктілігін жасырып келген Мүсілім-тегі оның себебін де түсіндірді. «Қанша дегенмен көз-тіл бар ғой», - дейді ол.

Тәуекел Мүсілім, актер:

– Үлкендеріміздің, анамның ескертуі бар «Ешкімге көрсетіп, айтпай-ақ қойыңдар. Жария қылмай-ақ қойыңдар. Бәрі аман-есен болғаннан кейін, оның бәрін айтатын уақыт келеді» деп. Сол енді жеттік осы күнге. Қазір ашық айтып отырмыз. Бәрі жақсы болды. Махаббат жарайды! Негізі 2,5 сағаттың ішінде... Дәрігерлердің өздері де, акушер дәрігерлер мақтап жатыр Махаббатты.