Айқын Төлепберген төрт бүлдіршінінің әрқайсысына бір-бір пәтер сыйлағанын айтып, көпті таңқалтты. Дегенмен әнші, балаға бағалы тарту емес, ата-ананың көңілінен артық ештеңе жоқ екеніне сенімді. Сонымен, жұлдыздардың бала тәрбиесіне қатысты құпиялары қандай?
Айқын Төлепберген қос анадан туған құлыншақтарын бөліп жармауды басты міндеті санайды. Сондықтан да әнші мейлі ол тәрбие, мейлі қаржылай қолдау болсын ұл-қыздарын теңдей көреді. Тіпті, бір-бірінен кем болмасын деп, төрт баласына да пәтер алып қойған.
Айқын Төлепберген, әнші:
- Үлкен ұлыма үй алып бердім. Балаларыма жасаған ең үлкен сыйлығым төтреуіне де Алматы қаласында төртеуінде де пәтер бар.
«Амуаждық» Анастасия Клещенко да «баламнан аяғанды ит жесін» дейтіндер қатарында. Десе де сылқым, қос қызына қымбат сыйлықты үйіп-төгуден аулақ. Ал жұлдызды ананың бүлдіршін тәрбитесіндегі құпиясы мынадай:
Анастасия Клещенко, «AMOUAGE» тобының әншісі:
- Ең бастысы, балаға сәлемдесуді, жаныңдағы адамнан қал-жағдай сұрауды, қоштасуды үйретемін. Өйткені қазіргі балалар қарапайым сөздерді білмейді. Балаға мейірім берсең, өскенде өзіңе сол қайтады деп ойлаймын.
Әнші Әнел Арынова болса, атұстарын гаджет пен телефонға жолатпайды.
«Балаға ана махаббатынан артық сый болмауы керек. Сонда ғана бала өзіне сенімді болып өседі», - дейді ол.
Әнел Арынова, әнші:
- Гаджетсіз балалық шақтың болғанын қалаймын. Кез келген бала ата-анасымен сырласа алуы керек. Аналар балаларына көбірек уақыт бөліп, мен сені жақсы көремін, сенімен мақтанамын, саған сенемін деген сөздерін көбірек айтуы керек. Шынымды айтсам, өзіме кезінде осы сөздер жетіспеді.
Бала махаббатын сыйлықпен сатып ала алмаса да, бауыр етінен ана жүрегінің ештеңені аямасы анық. Сәбиінің бір күлкісі үшін бар жақсысын алдына қоюға Дәурен мен Ақбота да дайын. Бүгін жұлдызды жұп тұңғыштарының 3 жасы мен қызының тұсау кесу рәсіміне қызу дайындықты бастап кеткен. Балапандары үшін танымал ана кешелі бері түрлі тәттілер жасап, қуаныштың қарбалысына түскен.