Космосқа жолдама! Илон Маск америкалық астронавтарды ғарышқа аттандырды! Әлемге әйгілі инженер 9 жылдан кейін «Crew Dragon» ракетасын ұшырды.
Ракета АҚШ-тағы «SpaceX» компаниясының қолдауымен көкке кеткен. Ондағы экипаж Дуглас Херли пен Роберт Бенкен есімді 2 ғарышкерден құралған. Ал бұл сапар үшін «NASA» агенттігі 86 млн доллар жұмсап отыр.
Тарихи сәтті күллі әлем онлайн-трансляция арқылы тамашалады. Ең әуеліде Маск көпшілікке ғарыш кемесінің жанына келіп, бұл сәтті тамашалауға рұқсат берген еді. Алайда, коронавирустың кесірінен, тек БАҚ өкілдері мен арнайы мамандар ғана бұл мүмкіндікке ие болды.
Дәл осы «SpaceX» жобасы үшін Илон Маск бар уақыты мен қаржысын жұмсап келгені белгілі! Миллиардер осы арқылы қарапайым адамдарды ғарышқа ұшыру жолдарын жоспарлап келеді. Тіпті, бизнесмен алдағы бірнеше жылда Марс планетасы мен Күнді айналып өтетін ракета ойлап таппақ.