«Томирис» фильмінде патшайымның жас кезін сомдаған актриса Салтанат Серкебаева ақ келін атанбақ! Мөлдір Әуелбекованың шәкіртіне күні кеше сүйіктісі тұрмыс құруға ұсыныс жасады. «Назар» тобында өнер көрсеткен бойжеткеннің болашақ жары кім?
Салтанат Серкебаева Мөлдір Әуелбекова продюсерлік еткен «Назар» тобында 2 жылға жуық өнер көрсеткен еді. Тіпті бикеш ұжымда жүрген сәтінде Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмінде басты рөлді сомдап көпке танылған болатын. Кейіннен ару жеке әнші ретінде шығармашылығын шыңдауға ниетті екенін білдірген-ді.
Енді міне, Салтанаттың тұрмысқа шығатыны белгілі болды! Сылқымның жүрегін Сұлтан Құлатаев есімді сері жаулаған. Екі жыл бұрын Еуразия Ұлттық Университетінің түлегі атанған Сұлтан, өнерден құр алақан емес. Ол поэзия оқып, шығармашлықы кештердің жүргізуші атанып жүрген көрінеді. Ал қос ғашықтың көңіл жарастырғанына 1 жылдан астам уақыт өткен.
Жазира Байырбекова Алтынай Жорабаевамен құдағи болғысы келіп жүр! Тұңғышы Қазбектің тезірек отау құрғанын қалайтын өнер иесі, бұл ниетін инстадағы жазбасы арқылы жеткізді. «Алтынай қызың өзің сияқты пысық па?», - деп, пост қалдырған ол, Жорабаеваның үлкен қызына қызығушылығы бар екенін білдірген.
Айдана Меденова ұлы Әлиханның туған күнін ерекше етіп өткізді! Әнші 3 жасқа толған атұстарына арнап өз үйінде мерекелік шара ұйымдастырған.
Бұл күні Нұржановтар қуанышынан балапанның кішкентай достары мен жұлдызды жанұяның жақындары ғана табылды. Еске салсақ, Айдана балақайларының әр туған күнін дәл осылай, айрықша атап өтуді дәстүрге айналдырған.