Джиджи Хадид өзінің 25-ші көктемін Зейн Маликпен бірге қарсы алды! Жұлдызды жұп қаңтар айында татуласса да, осы уақытқа дейін бір де бір ортақ суреттерін желіге жүктемеген еді. Ал туған күн құлдыраған қатынастарын қалыпқа келтірудің жақсы бір жолы болғандай. Айтулы мерекені Джиджи анасының фермасында атап өткен. Зейн жариялаған фотоларға қарап, олардың қайтадан бақытты екендерін байқауға болады.
«Forbes» журналының сарапшылары: «Канье Уэст ең бай рэперлер қатарына енді», - деп сүйінші сұрауда. Ким Кардашьян жарының жағдайы 1,3 миллиард долларға бағаланып отыр. Ал Каньенің өзі болса, баяғыда-ақ миллионер тізімінен шығып кеткенін айтады. «Мендегі қаражат негізі 3,3 миллиардқа таяп қалды. Бұл басылымның адамдары санау білмейтін сияқты», - дейді Уэст. Естеріңізде болса, америкалық рэпер «We Women Empowerd» ұйымымен бірігіп, пандемия кезінде азық-түліксіз қалған Чикаго жұртшылығына қаржылай көмек қолын созған болатын.
«MBAND» тобының экс-солисі, отандасымыз Анатолий Цой «Маска» шоуында жеңімпаз атанды. «Бұл жарыста жеңбесіме әсте сенімді болған едім. Өйткені қарсыластарымның ешқайсысы да осал емес. Бәріңе рақмет!», - деп сөзін түйіндеген Анатолиймен, ақтық мәреде Анна Плетнева, Карина Кокс, Лариса Долина сайысқан болатын.