Артық салмақ карантин кезінде үйде жатқан жұлдыздардың басты мәселесіне айналғандай! Соның арасында танымал режиссер Ақан Сатаев та бар көрінеді. Киногер тіпті саулауатты өмір салтына шақырған ерекше челленджді бастап кетті!
Ақан Сатевты артық салмақтан арыла алмай жүр десе, ешкім сенбес сірә! Десе де, мінсіз мүсіні мен денсаулығына алаңдаған режиссер дене шынықтыруды бастап кеткен. Онымен қоймай, киногер қиын жаттығуларды жасап, оны әріптестеріне эстафета ретінде жолдады.
Сатаевтың бұл бастамасын алғашқылардың бірі болып «Тұмар» патшайымның өзі – актриса Альмира Тұрсын қабыл алды. Кейіннен челленджді Айсұлу Азимбаева, Шәріп Серік пен Асылхан Төлепов жалғады.
Әпкелі-сіңілі Жолдыбаевалар болса енді фитнес тренерлер! Күнделікті жаттығу жасауды әдетке айналдырған Кәмшат пен Алтынай жанкүйерлеріне келелі кеңес беруге де әзір. Ол үшін бикештер жаттығу жасаған сәттерін видеоға түсіріп, желіге жүктеп жүр.
Алтынай Жолдыбаева; әнші:
- Сәлем достар! Мен сіздерге кеше уәде бергендей, бүгін үйде жасалатын жаңа спорт түрлерімен бөлісемін деп шештім! Бұл жаттығулар оңай болмайды. Мен дайынмын кеттік.
Әнуар Нұрпейісов карантинде жатқан адамдар үшін йога ең пайдалы деп отыр! Тіпті Әнуар кезінде медитацияны дұрыс жасап үйрену үшін Шри-Ланкаға арнайы барып келген еді.
Әнуар Нұрпейісов, актер:
- Сіздер сияқты үйде отырған менен сәлем! Бүгін денсаулыққа ең пайдалы кеңеспен бөліскем келеді. Ол мен үшін йога. Себебі, йога мінсіз мүсінді сақтап қалуға және жан дүниенің тазалығына септігін тигізеді.
Ал жұлдыздардың түрлі пікіріне қатысты психолог Құралай Ошақбаеваның да өз қосары бар.
Құралай Ошақбаева, коуч-психилог:
- Енді мен өз тарапымнан, жаңағы алтыдан кейін тамақ жемеуге, жаңағы ұннан жасалған, көптеген тамақтарды қолданбауға одан кейін балалар бірге жаттығулар жасауға, таңертеңнен кешке ол жаңағы скакалкадан секіру, одан кейін түрлі жаттығулар, жасау арқылы өзіңді өзің ұстап отыру.