Карантин кезінде Жұлдыз Өмірғалидың күйзеліске тап болғаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Карантин – қолды-аяққа тұрмайтын көп жұлдызды тұсаулаған кез болды. Бұған дәлел инстадағы белсенділіктің бәсеңдеуі. Тіпті мінсіз мүсінді өнердегі көп сылқым, артық салмақ жинап алғандай. Олардың қатарында: Ерке Есмахан, Сая Оразғалиева, тіпті талапты жоғарыдан қоятын Баян Мақсатқызы да бар.

Бірақ бәрінен де төтенше жағдай Жәния Джуринскаяға қатты әсер еткендей. Актрисаның толып бара жатқанын жанкүйерлері де байқаған.

Ал осыған дейін вайнерлерді құп көрмеген Еркебұлан Мырзабек, бүгінде вайнды да түсіріп, тиктокты та таспалап жүр. Жазылған жақсы коменттерге қарағанда, әзілкеш жаңа бағытты мінсіз меңгеріп алған сияқты.

Еркебұланның әріптесі Марат Оралғазин да тиктоктың жұлдызы.

Бірақ танымал тележүргізуші кезіндегі саяхаттайтын сәттерін сағынған сыңайлы. Ал карантин Оралғазинның аяғына салынған тұсау іспетті. Себебі Марат мырза, өткен жылғы қызықты қыдырыстарының видеоларын желіге жиі жүктейтін болған.

Ал Айқын Төлепбергеннің жұлдызды жанұясы түрік телехикаяларының қызығына кіріп кеткендей.

Карантин – көп жұлдызды басқа қырынан ашқан кез болды. Біраз өнер өкілі шығармашылық тоқырауға тап болса, кейбірі керісінше өздерін дамытуға уақыт тапты.