Бүгінде коронавирустың өршіп тұрған сәтінде жұлдыздарды қорқыныш сезімі билегендей. Солардың бірі - экс-Юфреймдік Арман Юсупов ет жақындары үшін қатты алаңдап жүр. Тіпті блогер өзінің бұл үрейімен психологияның көмегімен күресіп жүрген көрінеді.
Екі бірдей бала тәрбилеп отырған Арман Юсупов карантин кезінде сақтық шараларын бұлжытпай орындауда. Десе де, отбасының денсаулығына алаңдаған ғаламтор жұлдызы: «түн ұйқымнан айрылдым», - дейді.
Арман Юсупов, блогер:
- Уайымдай бергеннен ұйқы қашты. Жақындарым үшін қатты алаңдаймын. Тіпті психологиялық ауытқуларға тап болған сияқтымын.
Түрлі қорқыныш Ерболат Беделханды да мазалайтын көрінеді. «Ninety one» тобының продюсері ұзақ уақыттан бері өз фобияларымен күресіп жүр.
Ерболат Беделхан, әнші, продюсер:
- Мен биіктен қорықпаймын, бірақ терең судан қорқатын шығармын. Мен өзім енді былай батып көрген жоқпын. Бірақ мен ойлаймын қорқамын деп.
Нұрлан Батыров болса, үрейлі хикаялардан қатты қорқатынын айтады. Вайнер тіпті, «жұмбақ құбылыстың куәсі болғанмын», - дейді.
Нұрлан Батыров, блогер:
-Талай беймәлім жағдайларды бастан кешкенімді жасырмаймын. Сырт көзге күлкілі көрінуі мүмкін, алайда тылсым күштердің бары хақ.
Сөйтсек, Батыровтың бұл қорқынышы актер Әнуар Нұрпейісовқа да жақсы таныс екен.
Әнуар Нұрпейісов, актер:
- Мен жұмыс сапарымен Малайзияда болғанда, бірден біздің үйіміздің есігі жабылып, ешкім неліктен сол есік жабылғанын білмей, бір кезде свет өшіріліп, өзіміздің үйімізде қамалып қалғанбыз.