Ресейдің Примадоннасы кеше 71 жасқа толды! Алла Пугачеваны алғаш боп құттықтағандардың бірі, жары Максим және 6 жасар егіздері Гарри мен Лиза. Мәскеу шетіндегі Грязь ауылында карантинде оқшауланып отырған отбасы, биыл мерекені шағын ғана атап өтті. Өз қолдарымен торт пісірген балақайлар аналарына жүрекжарды тілектері мен тақпақтарын айтып, Алла ханымның көзіне жас алдырды.
Шэрон Стоун араға ат төбеліндей алты ай салып, қайтадан сұқбат беруді бастады. «VOGUE» журналының журналисіне ағынан ақтарылған Шэрон жақында екінші рет инсульт алғанын, қала берді енді оны Голливуд, кәрі актрисалардың қатарына жатқызып тастағанын айтып қынжылған. Тіпті ол 2004 жылы ажырасқан жарын әлі ұмытпағанын, соны ойласа күйзеліске көп түсетінін де жасырмаған.
Дженнифер Лопес пен Алекс Родригес ақыры қарым-қатынастарын заңды түрде бекітуге шешім қабылдады! Джей Ло бүкіл әлемдік пандемия аяқтала салысымен, некесін Италияда қидыруға ниетті. Әнші тіпті тойының ақысын толығымен төлеп, қонақтар тізімін жасап қойыпты. Бірақ Голливудтық жұлдыздың жеке мерекесінде БАҚ өкілдері мен артық адам болмайды екен. Тек актриса мен Алекстың жақын достары және туыстары ғана бұл ерек кешке қатыса алмақ.