Коронавирус кесірінен үйге қамалған жұлдыздар артық салмақпен күресуде!

Сообщить о проблеме с эфиром

Төрт қабырғаға қамалған өнер өкілдері бір айға созылған карантин кезінде салмақ қосып үлгерген. Танымалдар таразы көрсеткен артық санды азайту үшін түрлі диеталар ұстап әлек. Соның бірі - Аян Бірбаев қазірден бастап дене пішімін қолға алған. Әнші карантиннен кейінгі өмірін ойлап, алаңдаушылық білдіруде.

Үнемі жұрт назарында болғандықтан, танымалдардың дене бітімінің мінсіз болуын қадағалап отыруы шарт. Мәселен, «Ринголық» Аян Бірбаев пандемия басталмай тұрып, продюсер Ерлан Әлімовпен салмақ тастауға бәстескен болатын.

Аян Бірбаев, «Ринго» тобының әншісі:

-Біз бастадық, сосын 3 күн өте келе карантин басталып кетті. Далаға шығуға рұқсат етілмеді. Осы карантин біткеннен кейін жағдай жақсы болғаннан кейін қайтадан жалғастырамыз деген шешімге келдік. Ерлан 4,6 кг салмақ тастады, мен 4 кг салмақ тастадым. Өте жақсы көрсеткіш деп ойлаймын енді.

Алайда әнші бір айға созылған карантинде тастаған салмағымды қайта қосып аламын ба, деп қорқады. Бұған себеп, үйде жатқан Аянның дастарханды жиі жағалауы.

Аян Бірбаев, «Ринго» тобының әншісі:

- Егер мен ешнәрсе істемесем тек қана тамақ жей беретін болсам, міндетті түрде өте қатты салмақ қосатын адамдардың бірімін мен. Сондықтан да міндетті түрде спорт және дұрыс тамақтану.

Карантиннен кейінгі әртістік өмірді де ойлау керек деген ол дебьюттық бейнебаянын түсіруі үшін, «мінсіз мүсінді болуым керек», - деп мақсат қойған.

Аян Бірбаев, «Ринго» тобының әншісі:

- Қатты салмақ қоспадым, оның бір құпиясы біз күніне 24 сағат болса, оның 16 сағатын мен тамақ ішпеймін. 8 сағат уақыттың ішінде мен тамақ ішемін. Ровное голодание, интервальное голодание дейді. Сондықтан сол системамен қазір әйтеуір салмақты сақтап қалдым.

Әнші Дана Кентай болса, әлі де өзін қолға ала алмай жүр. Сылқым, «әзірге мені сырт келбетім емес, елдегі жағдай көбірек алаңдатады»,- дейді.

Дана Кентай, әнші:

-Аса қатты мән беріп жүрмін деп айта алмаймын. Организм нені қалайды, соны жеуге тырысып жатырмын. Өйткені маған қазір аса қатты маңызды емес салмақ деген сияқты, уайым болып тұрған жоқ. Ең бастысы осы карантиннен аман-есен өтсек деген тілек менде.

Дана сынды карантиннің алғашқы аптасында-ақ салмақ қосып, кейіннен диетаға көшкендер қатарында әнші Лидо, Мақпал Исабекова және экс-кешьюлік Ақбота Сейітмағамбет те бар. Түрлі тәттілер пісіріп жүрген Айдарқұловтың жұбайы инста парақшасына бұдан-былай дұрыс тамақтануға көшетінін жазған.