Дәл осы ән аз уақытта ел ішін елең еткізіп, тез таралып үлгерді. Туындының авторы Марат Омаров, төтенше жағдайды серпілту үшін, жастарға тіпті челлендж де жолдады. Сазгердің сөзін құп алып, құмыққан жұртты сергіту үшін желіде белгілі блогерлер де белсенділік танытуда.
Композитордың өзі: «ән аз уақытта мұншалық сұраныс пен танымалдылыққа ие болады деп ойламадым», - дейді. Енді бейнебаян таспалауды жоспарлап отырған Марат мырза, бәрі жастардың белсенділігінің арқасы деп отыр.
Марат Омаров, әнші:
– Мен енді ойлаймын бұл әннің шарықтау шегі мынау жастардың қабылдап кетуі. Жастардың өздерінің үлестерін қосып, барлық тілде орындауы бұл ойлаймын ауруға қарама қарсы жасаған әрекеттер деп.
Қалың көпшілік ортасында жиі жүретін өнер өкілі, «сақтықта қорлық жоқ. Барлық ережелерді ұстаныңыздар» дейді. Және Омаров мырза, «қазақ бұл қиындықты да еңсереді» дегенді алға тартады.
Марат Омаров, әнші:
– Жалпы біздің елімізге осы жаман дерт келмесе екен. Келер болса, айналып өтіп кетсе екен деген ниеттемін. Қиыншылықтан да өтеміз біз. Неден өтпеген қазақпыз. Сабырлық сақтайық.
Әншінің бұл қылығын құп көрмей, сынап жатқандар да жетерлік екен. Бірі «ауыр жағдайды пайдаланып танымалдылығын арттырып алмақшы» десе, енді бірі «хайп» деп қара күйе жағып жатқанға ұқсайды.
Бірақ Марат Омаров «айтылған айыптың негізі жоқ. Мен тек елімнің еңсесін көтергім келеді» дейді.
Марат Омаров, әнші:
– Біздің өнер арқылы, әуен арқылы халықты тыныштыққа сабырлыққа шақырып, елімізді бір қуанту.