Жарқынай Ханайымның тойы қашан?

Сообщить о проблеме с эфиром

Таяуда ғана Алагөзовананың жиенінің қалыңдығы атанған Жарқынай Ханайым күні кеше құлағына сырға тағылып, алтын ұясынан ұзатылды. Оңтүстіктің қызы ең әуелі танымал қайын жұртының өз ата-анасымен тіл табыса алмай қалуынан қорыққан екен.

Жарқынай Ханайым, әнші:

- Кішігірім дастархан жасап құдалық, сырға салу, ұзату үшеуін бірге өткіздік. Қатты уайымдадым. Құдалар енді бірінші ұйымдастыру жағын жасадық. Ең бастысы құдалар бір-бірін қалай қарсы алар екен деген сияқты. Тіл табысып кете ме екен, әр елдің салты басқа деген сияқты сол жағынан кішкене кикілжің нәрсе болмайды ма екен. Бәрі әдемі, келісіп кетті, жаңағы менің туысқандарым да барын салды. Бәрі тіл табысып, жақсы атмосфера жасауға.

Үлкен тойға дайындық қызу болса да, Жарқынай әлі де қалыңдық көйлегін таппаған көрінеді. Бикеш «маңызды күнімдегі образымды отандық дизайнерлерге тапсыруға сеніңкіремеймін»,- дейді.

Жарқынай Ханайым, әнші:

-Көйлекке қатты уайымдаған жоқпын, бірақ уайымдау керек екендігін түсіндім. Өткенде бір көйлек барып көрдім. Ол ұнамай қалып, енді екінші көйлекті көруге ертең кетіп бара жатырмын. Біз көйлекті сатып алатын дайын, сатып алатын болып шештік. Солай проблемасы аз дейді ғой.

Сондай-ақ, қол ұстасқан ғашықтар енді отбасылық дуэт болып, сахнадағы жұптар санын көбейтуді жоспарлап жүргенін айтқанды. Мақсатқызының жиен інісі, дуэт халықтың қызығушылығынан туындаған соң міндетті түрде сұраныста боламыз деген сенімде.

Айдар Асқарбек, актер:

- Жарқынаймен дуэттегі әндерімізді дамытамыз бұйыртса. Сондықтан енді жұлдыз болған соң бізге де халқымыз жақсы көріп, қосылғанымызға қуанып деген сияқты тамсанып қарайды.

Дуэттің музыкалық продюсері Бағым Мақсатқызы. Сондықтан Жарқынайдың болашақ жарына әншілік өнер оңай соқпайтыны анық. Тіпті Айдар вокалдан сабақ алып жүр. Ал жезтаңдай Жарқынайдың сүйіктісіне берер бағасы қашанда оң.

Жарқынай Ханайым, әнші:

- Барын салып әрекет етіп жатыр. Өзінің жағымды даусы бар. Әрине, ол енді вокалмен айналысып, енді жұмыс жасап жатыр. Оған қазір қызық болып тұр. Маған Айдардың дауысы ұнайды.