Көптен бері ел көзінен тасада жүрген Динара Қырықбаеваның сахнаны асүйге, микрофонды бесікке алмастырғанына біршама жылдың жүзі болды. Жұлдызды басқосуларда төбе көрсете бермейтін бикешті премьералардың бірінен байқап қалдық.
Динара Қырықбаева, әнші:
-Көп болды интервью бермегеніме. Жаңалықтар осы, жаңалықтар – балалар кішкентай.
Бүгінде 3 баланың анасы бүлдіршіндердің тәрбиесімен айналысып қана қоймай, инстаграмда блогер ретінде де өзін байқап жүрген жайы бар. 1 млн-нан аса фолловер жинап үлгерген Қырықбаеваның парақшасында отбасы мен бала тәрбиесі туралы түрлі тақырыптар талқыланады.
Динара Қырықбаева, әнші:
-Соцсетьке көп көңіл бөлемін, өйткені өз өмірімді айтамын. Жалпы балаларым туралы айтамын, маған да өте қызық. Маған инстаграмм өзіме ұнайды.
Десе де, миллионның ішінде блогер Қырықбаевадан гөрі әнші Қырықбаеваны сағынған фолловерлер көп. «Күн санап шығармашылығымнан жаңалық күтеді» деген өнер иесі, алдағы уақытта жанкүйерлерінің қалауын орындауға кетәрі емес.
Динара Қырықбаева, әнші:
-Әрине, инстаграмда көп сұрайды. Динара Қырықбаева қайда, аа, міне екенсіз ғой. Қуаныштымыз тапқанымызға. Ол менің оқырмандарым, менің творчествомды ұмытпаған адамдар. Сондықтан мен өте ризамын. Ол кішкентайлар тез өсіп кетеді. Қазір кішкене солармен болғым келеді. Солармен уақыт өткізгім келеді. Сондықтан, енді әрине, мүмкін ораламын. Мүмкін...