Азамат Сатыбалды – жаңа басшы ретінде театрға жаңашылдық әкеле алды ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Арпалыс пен тартысты, аламан мен бәйгені, дүрбелең мен доданы аттың дүбіріне сыйдырған қойылым... «Құлагер» спектаклі жұрт назарына жаңа форматта ұсынылды. Ғ.Мүсірепов театрының басшысы Азамат Сатыбалды «Поэмаға жан бітіп, Құлагер қайта тірілгендей әсер қалдыратын пьеса» дейді.

Азамат Сатыбалды, актер:

- Бұл спектакльдің басқа спектакльден айырмашылығы ол жанрында. Саундрама дейді. Бұл жанр өзі театр әлемінде кенже жанрлардың бірі. Кеш келген жанрлардың бірі.

Жаңа жанрды қазақ сахнасына сіңдіріп жүрген жас талант – Фархат Молдағали бұған дейін де, елді елең еткізген «Фариза», «Қарагөз» сынды жұмыстарымен танылған еді.

Фархат Молдағали, режиссер:

- Қазақ ол - Құлагер. Біз Құлагер деп қазақтың шын жүйріктерін көрсеткіміз келіп жатыр. Ал ат деген ол біздің қазақпен екеуі егіз ұғым ғой. Сондықтан мен ойлаймын, ол әрбір көрерменнің жүрегіне жетеді.

Ал ел есінде нәзік образдарымен жатталып қалған Гүлбахрам Байбосынова, «Осы қойылымды көрген кино режиссерлар енді ерекше рөлдер ұсынып, фильмдерге көптеп шақыратын шығар» дейді.

Гүлбахрам Байбосынова, актриса:

- Өзіме жаңалық, өзіме жаңа образ, өзіме ұнайды бұл спектакль. Спектакльдердің ішіндегі қазіргі таңда ең сүйіктісі деп айта аламын. Сондықтан да осындай мүмкіндік бергеніне Фархад Молдағали режиссерға алғысым шексіз.

Ал қаныпезер Батырашты нақышына келтіріп ойнаған Рахман Омар театрда тұяғы таймаса да, кинода жолы болмай жүргенін жасырмайды. Актердің айтуынша, отандық картиналарды оның әлі жұлдызы жана қоймапты.

Рахман Омар, актер:

- Менің бағындырар биіктерім осы театр болсын, осы телевидения саласы болсын бірақ, кино саласында ол мен үшін ашылмаған кітап. Сондықтан енді әлі көзіне түспеген шығармын режиссерлардың. Енді кім білсін...? Бағымыз кейін ашылар.

Екі ай тынымсыз еңбекті талап еткен «Құлагер» қойылымы қалың көпшілікті тәнті еткені сөзсіз.