Ақбота-Нұрдың «құрсақ ана» атануға дайындалып жүргені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде құрсақ көтере алмай жүрген нәзік жандылар, «суррогат ананың» көмегіне жиі жүгінуде. Тіпті, өнер өкілдері арасында мұндай жолмен бала сүюді құп көретіндер жетерлік. Мәселен, 47 жасқа келген Меруерт Түсіпбаева қажет болса «құрсақ ана» арқылы тағы бір мәрте нәрестелі болуға қарсы емес.

Меруерт Түсіпбаева, әнші:

-Әйел адам ана боламын десе, оған бір кедергілер болса, неге ондай нәрсеге ниетпеске. Почему не прибегнуть? Ол Алланың берген бір сынағы шығар адамға. Енді ол болмай жатса. Мен өзім көрдім 5-6 рет балалары түсіп қалады. Бала бітеді, түсіп қалады. Ол неге? Кім біледі енді. Ол адамның денсаулығы неге сондай болды екен?

Жасы 40-тан асып екінші мәрте ақ келін атанған Аида Кәуменова да, суррогаттық тәсілді қолдайды. Бүгінде бір қыз тәрбилеп отырған дизайнер, бұл сәбилі болудың бірден бір шешімі дейді.

Аида Кәуменова, дизайнер:

- Мен ойлаймын суррогатная мать, әр адам өзінің мақсатына жетемін десе технологиясы қазір көп неше түрлі, мысалы адам әдемі сұлу болғысы келсе, ол фитнесқа барады. Бетін жақсы қылу үшін косметологқа барады. Ал енді адамдар балалы болғысы келсе, суррогатның ана да дейді. Уай нот?

Ал, Айқын Төлепбергеннің жары Жұлдыз Өмірғали бүгінде тұңғышы Санжар мен кенжесі Айяны тәрбиелеп отырған жайы бар. Жас әнші, көпбалалы ана атану үшін, «суррогат ананың» көмегіне жүгінуім әбден мүмкін дейді.

Жұлдыз Өмірғали, әнші:

- Бұл жерде менің ойымша екі жақта ұтып тұрады. Себебі суррогаттық ана ол оны қаржылай керек болғандықтан жасайды. Ал сол асырап алатын ата-аналар ол бала жоқтықтан жасайды. Егер екі жақта ол уместно болып тұрса, то жасауға мен қарсы емеспін.

Жұлдыз сынды екі сәбидің анасы атанған Ақбота Сейітмағамбет керісінше, өзгеге бала туып беруге әзір. Әнші бұл әрекеттен әбестік көрмейді.

Ақбота-Нұр Сейітмағамбет, әнші:

- Құдай сақтасын да менің басқа бір туысқаным көтере алмай жатқан жағдайда мен 1000 ойланып, 1000 толғанып, мүмкін өзім босанып берер ме едім. Енді қазір енді неше түрлі жәйттар бар ғой. Біреу босанып беріп, өзінің сіңілісіне береді босана алмай жүрген қанша уақыт құрсақ көтере алмай жатыр деген сияқты.