Әнші Динара Қырықбаева балаларының ана тілінде сөйлемейтініне қынжылады!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Disney» кейіпкерлері қазақша сөйледі! Күні кеше әлемге әйгілі студия ұсынған «Алға» мультфильмінің тұсауы кесілді.

Қазақша дубляждалған туындыны тамашалауға келген қонақтар арасында Динара Қырыбаева да бар. Көптен бері көзден тасада жүрген әнші, қызы Айшаны ертіп келген. Бикеш, ана тіліне аударылған фильмдердің балаларға берері мол дейді.

Динара Қырықбаева, әнші:

- Шын айтсақ, таңқалдым. Міне Серік деген досым осы мультикке шақырды. Өте қуаныштымын, біздің елімізде, Қазақстанымызда осындай дубляж жасалып жатқанына өз тілімізде, ана тілімізде, өте дұрыс деп ойлаймын.

Үш баланы тәрбиелеп отырған Динара, балақайларының ана тілінде сөйлемейтініне аздап қынжылады. Алайда әнші, өзге тілді де білгеннің зияны жоқ дейді.

Динара Қырықбаева, әнші:

- Жалпы адам көп тіл білген жақсы ғой. Менде балаларым орысша сөйлейді. Орысшада біледі, жалпы өзім де орыша сөйлеймін. Өйткені ұлттар көп. Үлкен мемлекетте тұрамыз.

Бұл кеште «Rin’Go» тобының мүшелері де, екінші жартыларын ертіп

келген-ді. Таяуда ғана «Ойыншықтар әлемі 4» мультфильмінің саундтрегін қазақша орындаған Данияр Өтеген, дубляж актері атанғысы келіп жүр.

Данияр Өтеген, «Rin’Go» тобының әншісі:

- Кастингтерге барып жүрмін. Бірақ әрине де дубляжға көбінесе кәсіби актерлерді алады. Себебі әрине де олардың тәжібиесі мол. Жалпы осы жұмыстың қалай жасалатынын нақты біледі сондықтан, енді тәжірбие жинап мүмкін жақын арада бір кастингтан өтіп қалармын.

Ал, голливдутың туындыларын қазақша адаруға өз септігін тигізген Іңкәр Әбдіраш, дубляж актеры атану көптің бірінің қолынан келе бермейтінін айтады. Еске салсақ, актриса «Мұзды өлке» мультфильмінде басты рөлдің бірін дыбыстаған еді.

Іңкәр Әбдіраш, актриса:

- Сен өз эмоцияңды қосасың, сол кішкентай қорапшада тұрып, микрафонның алдында бүкіл сол кейіпкердің бүкіл эмоциясын жеткізу үшін өзіңнің ішкі жан дүниең арқылы оны сіңіріп қайтадан шығару керек.

Дәл осы «Disney» мен «Pixar» компаниялары бірігіп таспалаған мультфильм, қазақ тіліне аударылған отыз төртінші жоба. Туындынының түпнұсқасын Крис Пратт пен Том Холланд сынды танымал актерлар дыбыстаса, кейіпкерді қазақша сөйлету театр актерларына бұйырған.

Шахмұрат Ордабаев, дубляж режиссері:

- Мен өзім тәжірбиемде байқап жатқан дүнием сұраныс бар. Сұраныс өсіп келе жатыр. Сондай-ақ қатты белсенді болмаса да, біз армандағанымыздай белсенді болмаса да, дегенмен де сұраныс бар.

Ал, су жаңа анимация Иэн мен Барли есімді қос бауырдың бастан кешкен хикаясын баяндайды. Ағайынды жігіттер ғажайып әлемді іздеуге аттанып, тылсым күштің көмегімен марқұм әкелерін бір күнге болса да қайта тірілтпек болады. Лента, 5-ші наурыздан бастап үлкен экрандарда.