Бритни Спирс нашақорлықтан емделіп жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бритни Спирс соңғы уақытта абырой-атақтан айырылып, жанкүйерлер санын сиретіп алған еді. Бәріне себеп әншінің нашақорлыққа салынып, өзін қоғамнан аластатып жіберуі. Бірақ Бритни бүгінде саналы түрде емделіп, өзін баяғы қалпына келтіру үшін тырысып жүргенге ұқсайды. Тіпті ол денесіндегі барлық татуировкаларын өшіртіп жатыр екен.

Николас Кейдж жаңа ғашығымен Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүрген жерінен папарацци көзіне ілігіп қалды. 26 жастағы жапониялық арумен актер қаңтар айынан бастап көңіл жарастырып жүргенге ұқсайды. Рико Шибату есімді сылқым мансабын енді бастап келе жатқан актрисалардың бірі. Бұған дейін үш рет ажырасқан Николасқа, бүгінде жанкүйерлері күдікпен қарайтын болған.

Джастин Бибер қара пиар жасаудың жақсы жолын тауып алған сыңайлы. Әншінің ауызынан шыққан әр сөз таблоид беттерінің мұқабасына басылып, сұқбаттары трендтен түспейтін болған. Әсіресе Бибердің, Хейли жайлы соңғы берген сұқбаты, күллі әйелдер қауымын қуантып отыр. «Балалы болу, болмауды шешетін – Хейли. Оған қандай да бір бұйырық бере алмаймын. Келесі бұндай сұрақпен мазаламауларыңызды сұраймын», - деп тілшілерге жауап берген Джастин, феменистік көзқарастағы біраз аруды серпілтіп қойды.