«Азия» мен «Бақай» тобының бұл әні өткен жылдың хиті болды десек артық айтқандық емес. Шығармашылық тандемнің кейінгі дуэттері де тойшыл қауымның жиынында кемінде 2-3 рет шырқалып жүрген жайы бар. Араға қаншама жылдар салып, дүмпу жасаған жігіттердің танылуына – елдің қос топқа да сағынышы,- дейді «Бақайлықтар».
«Бақай» тобы:
- Қайтадан бізді танылуымызға ықпалын тигізу бір себебі сол. Сағынған болар деп ойлаймын. Көбісі білмейді Азия- Бақай бір топ деп ойлайды да. Енді құдай қосқан болар екі топты да.
Ал «Азиялық» Ербол Шәріптің пікірінше, танымалдылық сағым қуғанмен тең. Мақсатымыз жақсы дүние шығару деген сері хит әнді танылу үшін жазбайтынын алға тартып, дес бермеді.
Ербол Шәріпов, «АЗИЯ» тобының әншісі:
- Біреуін халық қабылдайды, екіншісін қабылдамайды. Бұл бір сәтке байланысты, сәтімен бір ән танымал болып кетеді. Кейде ойлайсың ол танымал болуға келмейді ол ән мысалы параметрлері, бірақ танымал болып жатады.
Ал Бейбіттің сары уайымы сабылтып жүр. Бейнебаян түсірем бе, жоқ па деп жүргенде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар секілді әнші атаулының көбейіп, орнынан ысырылып бара жатқанына уайымдайтын көрінеді.
Бейбіт Құшқалиев, әнші:
-Негізі содан қорқам әрдайым, заман қазір минут сайын өзгеріп жатыр ғой.
Десе де талғампаз сері танымалдылықты ұстап қалу үшін барын салуға дайын. «Қажет болса, жастардың образында, киіну стилімді де өзгертемін»,-дейді Бейбіт.
Бейбіт Құшқалиев, әнші:
-Мен ойлаймын, сен үлкен болсаң да заманауи дыбыстармен жұмыс жаса, сосын заманауи композиторларды тап, аранжировщиктерді. Сонда сен қалмайсың деп ойлаймын. Плагиатпен көп айналыспау керек, себебі плагиат адамның миын өсірмейді, дайын нәрсе ғой.