Кенжебек Жанәбілов өз әйелін сүйемін деп басы бәлеге қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Музарттық» Кенжебек Жанәбілов өз әйелін сүйемін деп басы бәлеге қалды. Желіге махаббат қаласы Парижде жары Жәмиляны ернінен сүйген суретін жүктеген әншіні қазнет қолданушылары сөгіп тастады. Көпшілік «музарттың» кенжесі хайп жасауға көшіпті десті.

Ал кью-поптың әкесі саналатын Ерболат Беделханның жары Асыл Айдар «мұсылман емеспін» деп ерекше мәлімдеме жасады. Жеке парақшасында естеліктер жазуды әдетке айналдырған бикеш, 90-шы жылдары отбасындағы қиындықтардан шаршап, жұбату іздеген әнші мен оның анасы шіркеуге келген. Ақыр соңы Асыл христиан дінінің өкілі болуға бел буып, шоқынғанын мойындады.

«Меломен» тобы болса, енді орыс тілінде ән айтпақ. Аудиториямызды кеңейтіп, өзге ұлттан тыңдарманның көбейгеніне құба құп деген жігіттер, тіпті Ресейде Григорий Лепстің студиясындағы жұмысты бастап та кеткен.

«MELOMEN» тобы:

-Тек бір өлең емес, бірнеше өлең. Дауыстарын бәрін жазып қойдық. Жақын арада, қазақшасын да, орысшасын да естисіздер.

«Еліміздегі барша сазгермен жұмыс істеп көрдік» деген үштіктің негізгі мақсаты - Ресей композиторлары арқылы көрші сахнаны да бағындыру.