Димаш Құдайбергеннің сұлу көрінуі тікелей Санди Бексырғаның қолында! Жұлдызды визажист танымал музыканттың жеке бет-әрлеушісі болып таңдалды. Енді бикеш әрдайым «Арнау» атты турнесін бастаған Димаштың жанында жүреді.
Санди Бексырға, визажист:
- Өздерінің қалаулары Санди Бексырға болғаннан кейін енді мен қарсы болмаймын ғой. Әрдайым телефонға звондаған кезде жауап беріп тұрамын. Әр звонок мен үшін маңызды болып қалуы мүмкін. Сол көтерген кезде Димаштың жаңағы ұсынысы бойынша, осындай жұмысқа тапсырыс берілді, одан кейін біз қабылдадық.
Санди әлем таныған Димашпен жұмыс істеу арманы болғанын жасырмайды. Еске салсақ, жұлдызды визажист 3 жылдан бері әйгілі әнші C.C.Catch-тің жеке бет әрлеушісі.
Санди Бексырға, визажист:
- Жалпы Димашпен жұмыс істесем деген ой келген 2019 жылы. Бірақ, Алла тағаланың көзі түзу болып, бізге жіберген кезде әрине үлкен жауапкершілік. Димаштың, жаңағы ойлайтын шығар ержігіттерді бояй салу ол оңай деп. Димаштың алдындағы жауапкершілік оның бүкіл дүниежүзілік фанаттары бет әлпетіне қарайды, шашына.
Мойнына ауыр жүк артылғанын сезінген Санди, Димашпен жұмыс істемес бұрын, өнерпаздың шығармашылығын жіті зерттеген.
Санди Бексырға, визажист:
- Әрине, әр әншімен жұмыс істеген кезде алдын ала ютубтың бәрін қарап шығамын. Қалай жұмыс істеді, қандай шаш үлгісі болды, қай концертте қалай жұмыс істеді бәрін көріп шығамын.
Таланттымен таңқалдырған Димаштың әрбір ән кеші Сандиды ерекше әсерге бөлеген. Визажист тіпті, dears-тың Құдайбергенге деген махаббатына тәнті болдым деп отыр.
Санди Бексырға, визажист:
- Көп әсер алдық, қызықты емес таңқалатындай жағдайлар. Өзіміздің қасымызда жүрген кезде Димаш деп жүреміз. Ал, сыртта Димаш әлемдік әнші, елдер басқа мемлкеттен ұшып келіп жатыр. Қаншама жолдарына ақша құртып, жаңағы билет алып да. Сондай бағалап жатыр, соған қарап таңқалып, бір жылап алдық.
Сандуғаш енді Димашпен бірге Украина, Жапон және Еуропаның бірқатар қалаларынадағы концертіне аттанады. Ал гастрольдік турнеден келген соң, жұлдызды визажист өз бизнесін Түркия елінде дамытпақ ниетте.
Санди Бексырға, визажист:
- Алла қаласа Стамбулдан, өзіміз бизнес ашсақ па ойлап жатырмыз жақында. Сол келешекте басқа мемлекеттен, филиалдарымызды ашып, біздің қазағымыздың қыздарын дүние жүзіне паш еткіміз келіп жүр.