«Әнші концертіне жарнама жасаған кезде, фонограмманы қолданатыны туралы тыңдарманын алдын-ала ескертуі тиіс». Бұл мәдениет министрлігі бастаған, әлі бояуы кеппеген жаңа заң! Қолданысқа түбегейлі еніп үлгермесе де, әртіс біткенді делі-құлы күйге түсіргені рас. Дәл осы ережеге қатысты пікірін білдірген Айдар Тұрғанбек бұл бастамаға күмәнмен қарайтынын жасырмады.
Айдар Тұрғанбек, әнші:
- Бұл нәрсе әлі толық заңға кіреді деп ойламаймын. Өйткені, біз алдымызда озып кеткен Россияға қарауымыз керек, Америкаға қарауымыз керек. Америкада мысалы ол фонограммаға тыйым салынбаған. Салынбайды. Өйткені, қалай десек болады... Майкл Джексонның өзі, Бритни Спирстің өзі, Мадоннаның өзі концерттерінде билеп тұрып, фонограммамен ән айтады.
Алайда, АҚШ-та концертінің жанды дауыста өтпейтінін хабарламаған әншіні лицензиясынан айырып, сахнаға шығуына тыйым салады. Ал көршілес Ресейде бұндай жағдай болса, орындаушы 150 мыңнан 1 миллион рубльге дейін айыппұл төлейді.
Ал Бейбіт Құшқалиевтің пікірінше жаңа заң отандық шоу-бизнесте тәртіп орнатуға сеп болуы мүмкін екен. Өнерпаз: «бұл ереже ән әлемінде сапаны арттырып, әлсіздерді ығыстыратын жақсы бастама болар еді» дейді.
Бейбіт Құшқалиев, әнші:
- Керек қой ол. Керек себебі ол бұл заң біздің емес. Бұл кәдімгі шет елдің, әлемдік болып жатқан заң. Сол үшін керек. Біз құптаймыз! Бұл жерде әншілер еңбектене бастайды. Сол кішкене уайымдайды. Қозғалыстар болады, қан жүгіреді, жүрек соғады дегендей ғой.
Ал Дана Кентай болса, «елімізде әншілерге ешқандай жағдай жасалмаған. Музыкалық аппараттар ескі. Жанды дауыста айтуға жарамайды. Егер сол техниканың бәрін дұрыстап берсе, ешкім қарсы болмайды» деп, пікірін ашық білдірді.
Дана Кентай, әнші:
– Мәдениет министрі бізге жаңағыдай мін таға бергенше, өздері кішкене сол аппарат жағына, көптеген нәрселерге мән берсе екен деген менде тілек. Сондай бір ұсыныс. Дәл қазір қарсымын деген нәрсе жоқ негізінде. Бір нәрсе қылып дұрыстап, адамдары келіп өзінің сондай бір мықты аппарат...
Жанды дауысты ысырып қойып, фонограммаға сенген әншілер де кейде сахнада ұятты жағдайларға қалып қойып жатады...