Ринат Зайытовтың гонорары қанша?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ән – алты қыр асып, жұрт арасында үлкен сұранысқа ие болып жатса, бұл орындаушының емес, автордың бағы. Көптеген әншілер де мұны мойындайды. Бірақ бұл бақыттың бағасы қанша? Кезіндегі композитор Ғазизхан Шекербеков сазгерліктен жарытып теңге таппағанын, көбіне туындыларын тегін таратқанын айтады.

Ғазизхан Шекербеков, әнші:

- Тегін беретін әншілер болады өзі. Ол енді олардың атақ абыройына емес, ол соның өнерін құрметтегенге. Шынымен өнерін жақсы көрсем мен расындада жазып беремін. Ал енді өнерін құрметтемеймін, жоқ маған сіз жазу керексіз деген сияқты... Мен енді қазір жазып жүрген жоқпын көбіне. Баяғыда студияда табыс көзім ән жазу кезінде саттым. Мойындаймын. Ал қазір екі жылдан асып қалды. Ән сатып, олай айналысып жүрген жоқпын.

Ал азулы ақын Ринат Зайытов болса, сөзін сатып табатын нәпақасын құпияда ұстап қалғысы келді ме, нақты бағасын жасырын ұстауды жөн санады. «Шәйпұлға жетеді» дейді ол.

Ринат Зайытов, ақын:

- Мынанша ақшаға жазылады деген жоқ. Бізде студияда жалпы бір әннің ортақ бағасын шығарамызда, өңдеушінің еңбегі, композитордың еңбегі, ақынның еңбегі. Сол ол жерде жұмыс істеп жатқан балалардың қазақша айтқанда нан, шайы ғой. Күнделікті отбасын асырауы. Болды басқа ештеңе емес.

Ал өнерге арнаған өмірінде ешқандай ақын сазгерге жұмысы үшін ақы төлеп көрмегендердің бірі – Мұрат Қожа болып шықты. Әнші «қаламақы төлеу былай тұрсын, бізге жұмыстарын тегін ұсынатындар» көп деп мақтанды.

Мұрат Қожа, әнші:

- Өмірде мен сазгерлерден ақша төлеп ән алып көрген жоқпын. Шын айтамын. Сазгерлерден де, ақындардан да ешқашан ақша төлеп... Бір рет «Жарығым-айды» сатып алдық. Ол енді Ұлықпан ағамыз ұят болады, ақшасын берейік дегеннен кейін. «Жарығым-айды» сатып алдық барып, сол кезде 1000 доллардың көлемі ғой дим.