Актер атанғым келеді! «Ринго» тобының экс-әншісі Батыр Байназаров енді кино әлеміне түбегейлі бет бұрмақ. 14 жылдан астам уақыт сахнада өнер көрсеткен сері, үлкен экрандардан көрінуді мақсат тұтып отыр.
Батыр Байназаров, «Rin’Go» тобының экс-әншісі:
- Топтан кеткеннен кейін, киноға түсуге бет бұрдым. Актер болуды. Бұрыннан бері армандап келе жатырмын. Бір-екі үш рөлім бар. Толықметрлі туындыда емес, сериалда болса да, телехикаяда болса да басты рөлде түскен болатынмын. Бірнеше ұсыныс бар. Жиі проба кастингтер болып жатыр. Соған қатысып жатырмын.
Бүгінде Батыр өзінің өнердегі жетекшісі Алуа Қонарованың қол астында. Байназаров «Рензо» тобының қосалқы продюсері қызметін атқарып жүр.
Батыр Байназаров, «Rin’Go» тобының экс-әншісі:
- «Рензо» тобының со-продюссерімін. Жұмыс жүріп жатыр. Сол жігіттермін жаңа әндер жазылып жатыр. Қазір мини альбом шығайын деп жатыр. Сол жүріп жатқан жұмыс.
Жеке әнші ретінде сахнаға енді қайта оралмаймын деген Батыр актерлық шығармашылығын ғана дамытпақ. Тіпті, сері «Ринго» тобынан кеткеніме еш өкінбеймін дейді.
Батыр Байназаров, «Rin’Go» тобының экс-әншісі:
- Топтың құрамында 14 жыл бойы өнер көрсетіп келдім. Барымды салдым, топтың дамуына, көптеген жетістіктерге жеттік. Сондықтан өкінетін ешнәрсесі жоқ. Әлі де сағынған жоқпын. Сондықтан, жеке әнші ретінде ешқандай шығатын жоспар жоқ.
Байназаровтың жұбайы Әсел Жамақаева болса, өнерге қайта оралғысы келеді. Таяуда ғана инстаграм парақшасына «сахнаны сағындым» деп пост салған экс-аюмилік әншіге Батыр шоу-бизнес саласында жүруіне рұқсат бермеген еді. Себебі, Байназаров «қызымызға уақыт бөлуіміз қажет» дейді.
Батыр Байназаров, «Rin’Go» тобының экс-әншісі:
- Видеосы көп, жаңағы телефондағы архивтің барлығы сол қызыммен байланысты, баламмен байланысты. Маған ұқсайды деп ойлаймын, бірақ 3-4 адам бар, мамасына ұқсатады, әжесіне ұқсайды дейді. Маған және менің мамама ұқсайды деп ойлаймын.
Еске салсақ, жұлдызды жұп Сальманы 1 жасқа толғанда ғана көпшілікке көрсеткен еді.