Аша Матай сәбиінің қырқынан шығару рәсімін неге төркінінде өткізді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жақында ғана екінші мәрте ана атанған Аша Матай бомонд бас қосқан шараларда көріне бастады! Кішкентайды ата-әжесіне қалдырдым деген Қоңырбаевтар әулетінің келіні мұндай жұлдызды кештерді сағынып қалғанын жасырмайды.

Қазына Әбдіғапбар, тілші:

-Екінші рет ана атанған қалай екен?

Аша Матай, әнші:

-Бақыттымын, одан басқа ештеңе айта алмаймын. Біз бақыттымыз. +07-39 барша қазақстандықтарға көп рақмет, жылы лебіздерін білдірді және де әпкемнің есімі Айым деген сияқты көп нелер келді да. Менің ойымша өте әдемі есім секілді Арманның өзінің таңдап алған есімі.

Тынымсыз еңбек етіп үйренген Аша Матай үшін қол қусырып, үйде отыру жат нәрсе. Сондықтан да әнші әрі тележүргізуші «кейде көңілім түсіп, жұмысты аңсаймын»,- деп ағынан жарылды.

Аша Матай, әнші:

- Кейбір уақыттарда болады енді, жасырудың қажеті жоқ шығар жұмысты сағынатын кездер болады. Өзімнің ұжымымды сағынатын кездер болады. Камераны сағынамыз, өзің білесің ғой микрофонды сағынамыз.

Алғашқы жүктілігінде 32 келі салмақ қосып, көрермен түгілі өзін таңдандырған бикеш, бұл жолы қатты толыспағанына риза. Дегенмен, «16 келінің өзі аз емес»,- дейді ол.

Қазына Әбдіғапбар, тілші:

- Жүктіліктен кейінгі салмақ тастау процесі басталып жатыр ма?

Аша Матай, әнші:

-Қиын жағдай...себебі өзім кесеровамен туғандықтан енді көп нәрсені істеуге болмайды деген сияқты. Оның үстіне, уайымдайсың сүтім кетіп қалмасын, көп жейсің. Менің ойымша, жарты жылда өз қалпыма келетін сияқтымын.

Алайда Ашаның жанкүйерлерін толғандырып жүрген тек жаңадан туған сәби емес. Шақалағын қырқынан Қоңырбаевтардың шаңырағында емес, өзінің төркінінде шығарған бикеш көпті ойландырып қойғаны хақ. Ақ дастархан басынан әншінің енесі мен қайынәпкесін таппаған желі қолданушылары отбасылық жұпты екі жаққа кетті деп топшылауда.

Арман білдірмеуге тырысса да, Ашаның қайынәпкесі бір шикіліктің барын сездіргендей. Бауырының маңызды сәтінде табылмаған Қоңырбаева, қырқынан шығару рәсіміне тіпті шақырылмағанын жазып, елдің күмәнін одан сайын үдете түсті. Ал Матай ханым болса, қайынжұртымен араларына еш сызат түспеді деп, ақталды.

Аша Матай, әнші:

- Әйгерім әпкем бар ғой, оны да ұмытпай қыстырып қоятыным бар, Арман жақтан. Арманның әпкесі Әйгерім бар. Сол арамыз тату тәтті. -Менің ойымша, келіннің жаман қырлары, немесе жеңгеңнің жаман қырлары болса, менің ойымша тек қана көзді жұма салу керек та. Көрмеу керек ондай заттарды. Тек қана жақсы жақтарын байқау керек. Сол кезде ғана жақсы отбасы болады.